Басты жаңалықтар

Найзағай салдарынан істен шыққан жарық жүйесі қайта жаңартылды

найзагай

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округінде мамыр айында орын алған табиғи құбылыс, яғни найзағай салдарынан 1050 метрді құрайтын Шыршықбаев көшесіндегі жарық жүйесі істен шыққан деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Осы орайда аудандық бюджет есебінен миллион теңге қаржы қаралып, арнайы мамандар істен шыққан жарық жүйесін қайта қалпына келтірген. Жалпы ауылдық округ ойынша осы бір көшеге ғана жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

«Ауылдық округ әкімшілігі тарапынан елді мекендердегі орталық көшелерді жарықтандыру бойынша аудан әкімдігіне ұсыныс берілген. Дегенмен, бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуы аудандық бюджеттен қаржы бөлінуіне байланысты атқарылатын болады» – дейді Жігерген ауылдық округінің әкімі Усипов Баратбай Әзімұлы.

Атап өтсек, Қазығұрт ауданы Жігерген ауылдық округіне қарасты Диқан, Айнатас, Жігерген, Тестөбе және Қызыл бұлақ елді мекендерінің тұрғындары толықтай сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілген. Ал Өгем елді мекеніндегі халыққа арнайы техника арқылы кешкі уақытта электр қуаты беріледі. Алдағы уақытта бұл елді мекенде салынып жатқан су электр станциясы іске қосылып, толықтай жарықпен қамтылатын болады

Қатысты жаңалықтар

Облыс әкімі журналистерге неге үйде тамақтанбайтынын айтты

azatmedia

Қытай АҚШ-тың әскери базасын жойып жіберді (ВИДЕО)

azatmedia

Коронавирустың екінші толқыны біршама жеңіл өтеді – эпидемиолог

azatmedia

Пікір қалдыру