Соңғы жаңалықтар

Мемлекеттік гранттың игілігін көрген кәсіпкер

Қазығұрт тұрғындары мемлекеттік гранттың арқасында кәсіп бастап, пайдаға кенеліп отыр, – деп хабарлайды  Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Қазығұрт ауданы, Сарапхана ауылдық округінің тұрғыны Фатима Алишова «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантты ұтып, 505 мың теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болған. Қазір сол қаржыға тігін шеберханасын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Өткен жылдың ақпан айында ашылған шеберхананың қызметін тұтынушылар саны артып келеді.

Шеберхана 2 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 4 тігін машинасы бар. Кәсіпкер ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында түскен қаржыға тігін машиналарын сатып алуда. Бүгінде Нұр-Сұлтан мен Қарағанды қалаларынан тапсырыстар келуде.

«Алдағы мақсатым – тігін шеберханасын әрі қарай кеңейтіп, үлкен тігін цехына айналдыру» – дейді Алишова Фатима  Мейірбекқызы.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқан қандай болған?

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ОРЫНБАСАРЛАРЫНА ТАПСЫРМАЛАР БЕРДІ

azatmedia

«Кенже баланы артық көру дұрыс па?» – Дінтанушы ұл-қызына бөліп қарайтындарды қатаң сынға алды

azatmedia

Пікір қалдыру