Басты жаңалықтар

Адам өлімі тіркелді

Жамбыл

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында кіcі өлтіру оқиғасы болды, деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мойынқұм аулындағы азық-түлік дүкенінің маңында екі жас жігіт жанжалдасқан. Салдарынан біреyі қайтыс болды. Ауыр қылмыс жасауға не итермелегенін қазір тергеу анықтап жатыр», – деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Сол маңдағы үйдің тұрғындары атысты естіп, полицияға хабар берген.

«Жедел-тергеу тобының мамандары оқиға орнына келгенде ер адамның денесі жатыр екен. Ол Қылышбай аулының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медицина сараптамасы тағайындалды», – деді ведомстводағылар.

Тергеу кезінде полиция қызметкерлері Мойынқұм аулының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындады және одан калибрлі қару тәркіленді. Қазір жанжалдың себебі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Қатысты жаңалықтар

Ерлі-зайыптылардың ажырасуы бойынша Қазақстан әлемде тоғызыншы орында

azatmedia

«4,2 миллион теңге берілуі тиіс» – «Ана капиталына» қатысты тың дерек шықты

azatmedia

«Анамыз ешкінің сүтімен баққан»- Балғынбек

azatmedia

Пікір қалдыру