Басты жаңалықтар

Коронавирустан соң елді туберкулез жайлауы мүмкін бе: мамандар дабыл қақты

Туберкулез

Коронавирустан кейін туберкулез өршуі мүмкін. Көкшетаудағы Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері мен аталған аурудың алдын алуды көздеген қоғамдық қорлардың бірі осындай мәселе көтерді деп хабаралайды Azatmedia.kz Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Облыстық туберкулезге қарсы диспансерде өткен жиынға аймақ дәрігерлерімен қатар осы саланың республикаға белгілі мамандары онлайн режимде қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушылардың айтуынша, туберкулездің көбеюіне адамдардың әлсіз иммунитеті себеп болуы мүмкін. Өйткені қазір көп адам жұмыссыз. Сондықтан тиісті тамақ пен қажетті витаминдерді уақытында тұтына алмайды.

Мамандардың сөзінше, осы орайды әсіресе тұрақты мекен-жайы жоқ, далада түнеп жүрген үй-күйсіз жандардың жағдайы өте қиын. Сондықтан оларды әлден қамқорлыққа алу қажет. 

«Мүмкін қолданыстағы заңнаманы өзгерту керек шығар. Әлде үй-күйі жоқ жандарды қамқорлыққа алу үшін бөлек заң шығару қажет болар. Не де болса осы салаға қатты көңіл бөлуіміз керек. Себебі ауруға алдымен солар шалдығуы мүмкін. Жиында айтылған пікірлердің барлығы жиналып, біздің депутаттарға жолданады. Одан әрі бұл мәселе үкіметтік деңгейде көтеріледі деп сенеміз»,- дейді ҚКХП Ақмола облыстық филиалының бірінші хатшысы Олжас Сыздықов.

Қатысты жаңалықтар

42500 теңгені ала алмағандардың өтініші 1 желтоқсанға дейін қайта қаралады

azatmedia

Назарбаевтың смайлигін салған дизайнер кісі қолынан қаза тапты

azatmedia

Өз құпиясын ашып, Тик-токқа түскен қазақ қызы жұртты таң қалдырды (видео)

azatmedia

Пікір қалдыру