Басты жаңалықтар

Шенеуніктер қандай сыйлық алғанды ұнатады?

Сыйлық шенеунікке

Айқын газеті мемлекеттік қызметкер арасында жүретін сый-сияпат пен бағалы заттарға тоқталған деп, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы. 

Басылымның жазуынша, былтырғы жылдың үздігі болған (жиі берілген) сыйлықтардың көшін косметикалық бояулер мен спорттық киімдер бастаған.

Былтыр жиі берілген тарту-таралғылар косметикалық сыйлық жиынтықтары, азық-түлік өнімдері екен. «Сәнге айналған» сыйлықтар арасында музыкалық аспап (домбыра), тұмарлар, ерлер шарфы, «Адидас» фирмасының спорттық костюмі, «Tissot» қол сағаты, «Delphi» корнишондарымен қапталған зәйтүн, элиталық алкоголь және пижама болған.

Сол секілді «Алғыстың» кең таралған түріне ұялы телефон балансын толтыру, 1000-2000 теңге номиналымен ақшалай қаражат түрінде материалдық сыйақы беру еніп отыр.

«Қаржы министрлігі таратқан мәлімет бойынша биылғы жылдың күзіне дейін алкоголь өнімдері, азық-түлік өнімдері, ұлттық киімдер жиі сыйға берілді. Былтырғы Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне келіп түскен құнды сыйлықтардың қатарында салмағы 4,4 гр болатын маржаны бар әшекей бұйым, бес інжу тасы бар күміс тізбектен (800 сынама) 22 дана Ұлттық банкке жіберіліпті», деп жазады аталмыш дерек көзі. 

Басылымның жазуынша, мемлекеттік қызметші қызметіне байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруы тиіс. Бұл үшін жергілікті жердегі мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне жүгінуі қажет. Сыйлықты тапсыру кезінде мемлекеттік қызметші оны қайтадан сатып алуға құқы бар. Ол үшін сыйлықтың құны бағаланады. Сыйлық ұнамаған жағдайда жазбаша түрде бас тартуға болады.

Елордалық қызметкерлер 316 млн теңге жымқырған

Қазақстанда 15 мың адам неліктен айыппұл арқалады?

«Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің айтуынша, мемлекеттік қызметшіге берілген сыйлықтар параға жатпайды. Тарту-таралғылар мемлекет есебіне тапсырылады. Кейін ол сыйлықтардың құны бағаланған соң мемлекттік органдар, мұражайлар өтінімі бойынша солардың баланысына өтеді немесе gosreestr.kz сайтында аукционға түседі.

Таяуда Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қосымша шаралар енгізуге бағытталған Заңға қол қойғанын білеміз. Бұған дейін мемлекеттік қызметшілерге лауазымдық міндеттеріне байланысты 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі (27 780 теңге) сомаға сыйлықтар алуға рұқсат етілген болатын.

Енді жаңа заң мемлекеттік қызметшілерге қандай да бір бағалы сыйлықтар беруге мүлдем тыйым салады. Мысалы, 2 АЕК-ке дейінгі сомадағы сыйлық (5,5 мың теңге) әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады, 2 АЕК-тен астам сомадағы сыйлық алған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Аталған Заңда жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметке тағайындалуға тыйым салынған”, – деп келтірген Айқын газеті. 

Қатысты жаңалықтар

«Мен оны қаламадым, Тоқаев солай шешті» – Елбасы тарихи оқиғаға қатысты пікір білдірді

azatmedia

Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» – жауапты басқарма мәлімдеме жасады

azatmedia

«Күнде жиын, күнде той!»: жұлдыздарға заң жүрмей ме? (ВИДЕО)

azatmedia

Пікір қалдыру