Ақпарат

ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН КЕҢЕСТЕ ҚОРДАЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жылдар бойы қатталған өзекті мәселелердің шешімін табу үшін облыс шаруалары мен құзырлы мекеме өкілдерінің басын қосып, кеңес өткізді.

Кездесуге Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Диас Сүлейменов, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті басшысының орынбасары Ерлан Тұрысов, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Бексұлтан Ахметов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ақтілеу Бекмұратов қатысты.

Шаруалар мақта зауыттарындағы биылғы бағаны сөз етті. Әр зауытта түрлі баға белгіленгенін айтып, бұл мәселені бір жүйеге түсіру керектігін жеткізді. Келесі жылы зауыттар тарапынан ұсынылатын келісімшартта мақта бағасы көрсетілсе, өздеріне тиімді шартты таңдау шаруаларға да қолайлы болатын еді деген ұсыныс айтылды.

– Бұл мәселе кеше немесе бүгін туындаған жоқ. Жылдар бойы айтылып келеді. Сіздерден өтінеріміз, зауыттар арасында алдын ала өзара сөз байласу болмай, әділ бәсекелестік орнаса, шаруалар да өз өнімін лайықты деңгейде өткізуге мүмкіндік алса. Осыған назар аударып, заңдылығын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз, – деді шаруалар өз сөзінде.

Облысы прокурорының орынбасары Дәулет Тлемисов дихандардың талап-тілегін тыңдап, заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізілетінін, нәтижесіне қарай тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілі 2024-жылы өз тараптарынан жүргізілген тексеру нәтижесі барысында анықталған кемшіліктерге тоқталды.

Нұрбол Тұрашбеков өкілетті орган өкілдеріне кәсіпкерлердің құқығымен қатар шаруалардың құқығы да заңмен қорғалатынын ескертіп, көтерілген мәселелердің заңдылығын саралау барысында екі тарапқа оңтайлы ортақ келісім қажеттігін алға тартты.

– Мәселе ашық айтылса, асқынбайды. Десек те, барлығы заң аясында, тәртіппен шешілуі тиіс. Осы мақсатта бүгінгі кездесуге заң өкілдерін арнайы шақырдық. Келесі жылы келеңсіздіктерге жол бермеу үшін бүгінгі талқылау маңызды. «Кеңесті жерде кемдік жоқ.» Заң мен тәртіп баршамызға ортақ, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Биыл Түркістан облысында мақта өңдейтін 26 кәсіпорын 178 бекет арқылы 428 мың тонна өнім қабылдады. Мақта бағасы өнім сапасына қарай 250-270 тг аралығында сақталды.

Мақта өңдеу және баға мәселесі Түркістан облысының ауыл шаруашылығы үшін өте маңызды болып табылады, өйткені бұл сала экономиканың негізгі секторларының бірі саналады. Осыған байланысты шаруалардың айтуынша, әр зауытта түрлі баға белгілеу олардың еңбек шығындарын дұрыс жоспарлауына кедергі келтіруде. Бұл мәселенің шешілуі үшін, аймақтағы барлық мақта зауыттары арасында бірыңғай стандарт пен әділ бәсекелестік орнатылуы керек. Мұндай жүйе шаруаларға өз өнімдерін нарықта дұрыс бағамен өткізу мүмкіндігін туғызар еді. Бұл тек шаруалардың мүддесін қорғап қана қоймай, жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков атап өткендей, осындай мәселелерді шешу үшін заң мен тәртіп аясында әрекет ету қажет. Өкілетті органдарға осы мәселе бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылған. Бұған қоса, тексерулер жүргізіліп, оның нәтижесінде зауыттардың өзара келісімі мен баға белгілеу саясатында кемшіліктер анықталса, бұл сұрақтар заң бойынша шешілетін болады. Алайда, маңыздысы, шаруалар мен кәсіпкерлердің құқықтары толық қорғалуы қажет, сондықтан заң өкілдерінің қатысуымен мұндай кездесулердің тұрақты өткізілуі тиімді шешімдердің қабылдануына ықпал етеді. Бұл мәселені шешу үшін шаруалар мен кәсіпкерлердің өзара түсіністігі, сондай-ақ заң талаптарын сақтау өте маңызды. Заңды жүйе және бәсекелестіктің әділ болуы – бұл ауыл шаруашылығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге негіз болатын басты элементтер.

Қатысты жаңалықтар

МЕГАПОЛИСТЕГІ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

azatmedia

БӘЙДІБЕКТЕ 700 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

azatmedia

Түлкібас ауданында медиаторлар марапатталды

azatmedia