Ақпарат

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ТУРИСТІК-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Түлкібас ауданында туризм саласы қарқынды дамып келеді. Бүгінде Жаскешу ауылдық округіне қарасты Пістелі ауылында «Saumal DE Lux» туристік-сауықтыру кешені бой көтеруде.

Кешеннің негізгі бағыты – саумалмен емдеу, жылқы туризмі, табиғат аясында серуендеу, сондай-ақ ұлттық тағамдарды, соның ішінде таба нан мен қолдың майын дайындау дәстүрін жандандыру.

Аудан әкімі Асқар Естібаев аталған нысанның құрылыс барысымен танысып, жұмыс барысын бақылады.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Жоба 2026-2027 жылдар аралығында 3 кезеңмен жүзеге асады. 1-кезеңі 2026 жылы жүзеге аспақ. Кешенде жалпы ауданы 1280 шаршы метр заманауи қонақ үй, мейрамхана, жазғы алаңша, 3 бірегей типті коттедж аудан тұрғындары мен қонақтарына қызмет жасайды. Әр коттедждің аумағы 160 шаршы метрді құрайды. Ал, 2-кезең 2026-2027 жылдары жүзеге аспақ. Бұл кезеңде заманауи спорт кешені, жазғы бассейн, 10 глемпинг, 5 киіз үй, қарастырылған. Одан бөлек, балық шаруашылығын дамыту, Көкбұлақ өзені үстінен 2 аспалы көпір салу, тау бөктерінде 1,5 шақырым жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары жүргізілмек.

Кешеннің алғашқы кезеңі 2026 жылдың наурыз айының екінші жартысында ашылады деп жоспарлануда. Нысан іске қосылғанда, ауданның туризм саласы жаңа қарқын алып, өңір экономикасының дамуына да оң ықпал ететіні сөзсіз.

Түлкібас ауданындағы жаңа туристік кешен тек демалыс орны ретінде ғана емес, сондай-ақ жергілікті экономиканы дамытуға және мәдени мұраны сақтауға үлес қосатын маңызды жоба болып табылады. Аудандағы туризмнің қарқынды дамуы, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы және инфрақұрылымның жақсаруы жергілікті тұрғындарға да тиімді болады. Кешенде ұсынылатын қызметтер мен шаралар туристерді ғана емес, жергілікті қоғамды да қызықтырады. Ұлттық тағамдар мен дәстүрлерді жаңғырту арқылы өңірдің мәдениеті кеңінен танылады.

Бұл жобаның тағы бір маңызды аспектісі — экологиялық туризмнің дамуы. Табиғатпен үйлесімді демалу, жан-жақтан келетін туристердің игілігі үшін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын сақтау кешеннің басты мақсаттарының бірі. Ал кешен іске қосылғаннан кейін, оның әр кезеңінің аяқталуымен өңірдің туризм индустриясы сапалы жаңа деңгейге көтеріледі деп күтілуде. Мұның бәрі аудан экономикасын нығайтып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Туризмнің мұндай қарқынды дамуы, заманауи инфрақұрылымның құрылуы мен жергілікті тұрғындардың жаңа қызмет түрлерімен танысуы өз кезегінде қоғамның мәдени әрі әлеуметтік тұрғыдан да дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Жобаның іске асуы Түркістан облысындағы басқа өңірлерге де үлгі боларлықтай болады.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ ШАРУА МАЛ АЗЫҒЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛДЫ

azatmedia

ЕҢБЕК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ МЕН МАҚТААРАЛДА АҒЫН СУДЫ МОЛАЙТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСАДЫ

azatmedia