Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ЖҮЗІМ БАҒЫНАН 300 ТОННА ӨНІМ АЛАДЫ

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп келеді, оның ішінде жүзім шаруашылығы да қарқынды дамып отыр. Төлеби ауданында орналасқан Тасарық ауылының тұрғыны Сабыржан Танабаев бүгінгі таңда өз кәсібін өркендетіп, нәтижелі жұмыс көрсетіп жатыр. Оның 20 гектарлық жүзім бауында жыл сайын маусымдық және тұрақты жұмысшылармен еңбек ететін адамдар саны да артып келеді. Қазіргі таңда бұл шаруашылықта тұрақты 16 адам жұмыс істесе, жинау кезеңінде және егіндік маусымында 100-ге жуық адам жұмысқа тартылады.

Шаруашылықтағы жүзім бауында өсірілетін жемістің 4 түрі бар. Шілде, тамыз айларында пісіп жетілген жүзімдер арнайы сауда орындарына, базарларға шығарылады. Жүзімдер көтерме бағамен сатылып, нарықта жоғары сұранысқа ие. Маусым кезінде, яғни жыл сайын, 300 тоннаға дейін өнім жинап алуға болады, бұл өз кезегінде ауданның ауыл шаруашылығындағы өнімділігін арттыруға ықпал етеді.

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов осы шаруашылықтың жұмысымен танысу мақсатында Тасарық ауылдық округіне арнайы барып, жүзім бауының күтіп-бапталу барысы, суару әдістері, өнім жинау технологиялары бойынша шаруалармен пікір алмасты. Аудан әкімі еңбеккерлердің өз тәжірибелерімен бөлісіп, туындаған мәселелер мен ұсыныстарын тыңдады.

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов бұл бағыттың ауыл шаруашылығында аса маңызды екенін атап өтіп, жүзім өсіру арқылы ауданның экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өнім көлемін арттыруға мүмкіндік бар екенін айтты. Ол сондай-ақ әкімдік тарапынан ауыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету, инфрақұрылымды жақсарту және заманауи агротехнологияларды енгізу бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫНА РЕСЕЙЛІК ӘРІПТЕСТЕРІ ОҢ БАҒА БЕРДІ

azatmedia

Стюардессалар мен ұшқыштардың айлығы белгілі болды

azatmedia

ЗОЯ КРАВЧЕНКО – ОБЛАДАТЕЛЬНИЦА ЛИЦЕНЗИИ НА ОЛИМПИЙСКИЕ ИГРЫ

azatmedia