Ақпарат

БАЛАЛАРДЫҢ ҚУАНЫШЫН КӨРУ БІЗГЕ БАҚЫТ СЫЙЛАЙДЫ

«Бірінші сыныпқа бірінші рет!» қайырымдылық акциясы «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен 2021 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл бала өміріндегі жаңа кезең ғана емес, сонымен бірге олардың білім алу және қоғамға сіңісудің алғашқы қадамы. Оқу жылының басталуына байланысты балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету кей ата-анаға қиындықтар тудырып жатады. Сондықтан мұндай іс-шаралар көп отбасыларға маңызды көмек болары сөзсіз. Биыл 251 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар толтырылған сөмкелер тарту етілді. Онда балаларға қажетті кеңсе тауарларының бәрі бар. Әрине, кәсіподақ бүлдіршіндерге естен кетпестей естеліктер сыйлауға бар жағдай жасауда. Балалардың қажеттіліктеріне көңіл бөлу – олардың алаңсыз білім алуына үлес қосу деген сөз. Оқу құралдарын алған балалар қолдау мен қамқорлықты сезінеді әрі бұл олардың өзіне деген сенімділігін қалыптастырады, – дейді қоғамдық бірлестік төрағасы Сакен Катбаев. «Осындай акциялардың ұйымдастырылуы көңіл қуантады. Мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған балам қажеттінің бәрі толтырылған сөмкені көріп, қатты қуанды» дейді акцияға қатысқан П.Монтаева есімді ана. Осындай қамқорлықтары үшін ол ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. «DENSAULYQ» Денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі денсаулық сақтау қызметкерлерінің құқықтарын қорғау мәселелерімен белсенді айналысып қана қоймай, әлеуметтік мәселелерді шешуге де көмек көрсетіп келеді. Бірінші сынып оқушыларына қатысты қайырымдылық акциясы олардың әлеуметтік жауапкершілігінің және өз өңіріндегі өмір сапасын жақсартуға қосып жатқан үлесінің тағы бір жарқын көрінісі. Бірлестік алдағы уақытта да Сакен Арыстанұлының бастамасымен көптеген іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Қатысты жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ МҰҚАЛМАС РУХЫ

azatmedia

ЕҢБЕК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

azatmedia

ТҮРКІСТАН ЕСКЕКШІЛЕРІ ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

azatmedia