Қоғам

АРЫС: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Рахымжанова, Арыс қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы Е.Исаев Арыс аудандық орталық ауруханасына, Арыс қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына қоғамдық бақылаулар жүргізілді.Қоғамдық бақылаулар барысында мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, кезексіз қызмет көрсету үшін арнайы қызметкерлер бекітілгені анықталды.Сондай-ақ, мекемелерге келген қызмет алушыларға «өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ұйымдастырылған және көмек қажет болған жағдайда арнайы кеңесші мамандар қарастырылған.Проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді.Мұндай ел игілігі жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2024 жылғы 25 маусымдағы бұйрығымен Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау ережесіне өзгерістер бекітілді.

Атап айтқанда, ережелер жаңа редакцияда көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды республиканың орталық мемлекеттік органдарының, олардың ведомстволары мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарының, шет елдердегі мекемелерінің қызметіне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның лауазымды адамдары, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің қызметіне мемлекеттік органдар мен ведомстволардың, оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың, Қаладағы аудан әкімдерінің, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің, Мемлекеттік корпорацияның және оның филиалдарының, сондай – ақ мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың-уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары өз құзыреті шегінде, сондай-ақ уәкілетті орган басшылығының тапсырмасы бойынша уәкілетті органның лауазымды адамдары болып табылады.

Мемлекеттік бақылау қағидаттарға негізделеді:

  • заңдылық;
  • объективтілік;
  • бейтараптық;
  • сенімділік;
  • жан-жақты;
  • ашықтық.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау:

  • жергілікті жерге бару арқылы не лауазымды адамдарды шақырып және (немесе) материалдарды сұрата отырып, жергілікті жерге бармай тексеру;
  • ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы не есептік ақпарат пен өзге де мәліметтер негізінде байқау жолымен жүргізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау нысанасы болып табылады.

Тексерулерді есепке алу уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Тексерулер жоғарыда көрсетілген түрлерге бөлінеді, бұл ретте:

  • жоспарлы тексерулер кешенді болып табылады және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталады;
  • жоспардан тыс тексерулер пәндік болып табылады және оларды жүргізу үшін негіз болған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталады.

Жоспарлы тексеруді тағайындау үшін жарты жылдық тексеру Жоспары негіз болып табылады.

Бұл ретте тексеруші лауазымды адамдардың құрамы уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімімен өзгертілуі мүмкін.Жартыжылдық тексеру жоспары оларға қатысты жоспарлы тексеру тағайындалған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің тізімі түрінде олардың атаулары міндетті түрде көрсетіле отырып қалыптастырылады.

Жоспардан тыс тексеру Заңның 27-1-бабының 8-тармағына сәйкес негіздер бойынша тағайындалады.

Уәкілетті органның лауазымды адамының және оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізуді бастау туралы шешімі хабарлама түрінде ресімделеді.

Жоспарлы тексерудің басталғаны туралы хабарлама оның басталуына дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын және жоспардан тыс тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын жіберіледі.

Тексеру орнына бармай тексеру жүргізу кезінде тексеру жүргізуге уәкілетті адам мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің лауазымды адамдарын олардың келетін күні мен уақытын көрсете отырып сұрау салу жолымен шақырады және (немесе) қажетті материалдарды ұсынуды сұратады.

Тексеру жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрған және қайта басталған кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бұл туралы Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

Тексеру жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.

Тексеруді тоқтатуға негіз болып табылады:

  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін тарату;
  • өтініш берушіден бұрын берілген өтінішті кері қайтарып алу.

Ережелер де қарастырылған:

  • Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ҚР заңнамасының сақталуына бақылау жүргізу тәртібі.
  • Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі. және т. б.

Бұйрық 2024 жылғы 9 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 8 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: Қ. Әбдалиев ауылдық округі инвестиция тарту жоспарын толығымен орындап отыр

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЛА/АУДАНДАҒЫ «АДАЛДЫҚ АЛАҢДАРЫ» БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

azatmedia

ШЫМКЕНТ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ ӨСІМІ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА

azatmedia