Жаңалықтар

ШАРДАРА: АРДАГЕРЛЕР ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІН ӨТКІЗДІ

Шардара аудандық ардагерлер кеңесінде төралқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған anyqtimes.kz ақпараттық агенттігі.

Жиында төмендегідей мәселелер қаралды:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің Атырау қаласында өткен құрылтайдағы баяндамасын талқылау (баяндамашы: Н.Смайылов).

2. Ардагерлер кеңесі жанындағы «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасының» жұмыстары туралы (баяндамашылар: Н.Ыбырайым, Г.Исаева).3. Ардагерлер кеңесі жанындағы бастауыш ұйымдардың жұмыстары туралы (баяндамашы: С.Қуан).

4.Қазақстандағы су басқан апат аймақтарына шардаралық ардагерлер атынан көмек ұйымдастыру туралы (хабарламашы: И.Бектұрсынов).Құрылтай тақырыбы бойынша аудандық музей меңгерушісі Н.Смайылов баяндама жасап, онда айтылған негізгі мәселелерді атап өтті. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөйлеген «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасының» төрағалары Н.Ыбырайым мен Г.Исаевалар аудандық көлемде атқарылған жұмыстар бойынша толықтай баяндамалар жасады. Ал, аудандағы бастауыш ардагерлер ұйымдары туралы сөйлеген Алатау батыр ауылдық округі бастауыш ұйымының төрағасы С.Қуан өздері атқарып отырған жұмыстар төңірегінде ой бөлісіп, кейбір мәселелер бойынша іс-тәжірибелермен бөлісті.

Үшінші мәселе бойынша сөйлеген еңбек ардагері И.Бектұрсынов еліміздегі су басқан апат аймақтарына аудан ардагерлері атынан қаржылай көмек ұйымдастыру туралы бастама көтерді. Ардагерлер Қазақстандағы су басқан аймақтарға өз аттарынан қаржылай көмек ұйымдастыруға уағдаласты. Төралқа мәжілісін жүргізген ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков те қаралған мәселелерге орай әріптестеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Ардагерлермен өткен төралқа жиынында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Таласов сөйлеп, аудан ардагерлері мен жергілікті атқарушы билік арасындағы тығыз қарым-қатынасты тілге тиек етті. Сонымен бірге іс-шара барысында Бақытжан Амангелдіұлы еңбек ардагері Т.Орынбасаровқа «Мінсіз қызметі үшін» медалын табыстады. Ардагерлер үйінде өткен маңызды шараға аудандық білім бөлімінің әдіскері Н. Әбілдаев, аудандық «Жастар ресурстар орталығының» директоры М.Шамиев және аудандық мәдениет сарайының қызметкері С.Бегмановтар да қатыса отырып, ардагерлермен кең мағынада пікір алмасты.

Төралқа мәжілісінде қорытынды сөз сөйлеген төраға Т.Бердібеков әріптестерін елдік мәселелерді қолдау мен қуаттау бағытында бірлесе жұмыс атқаруға шақырды. 

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

azatmedia

БУРАХАН ДАХАНОВ: «СОЛТҮСТІККЕ КӨШЕМ ДЕУШІЛЕРГЕ ЖҰМЫС КӨП»

azatmedia

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia