Қоғам

Азаматтық қорғаныс

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбит, соғыс уақытында халықты, шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, таби ғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін мемлекеттік деңгейде ең алдымен халықты қорғау бойынша авиация қарқынды даму үстінде болды.

Азаматтық қорғаныс саласының басталу жылдары 1918 жылдың наурыз айы болып есептеледі. «Петроград және оның маңы тұрғындары үшін» революциялық қорғаныс комитетін шығару арқылы әуе шабуылымен қоғамдық мінез-құлық құқығын белгілеп жариялаған және азаматтық қорғаныс саласын анықтайтын алғашқы құжат болып табылады.

1918 жылдың бастапқы кезеңінде тарихшылар әлеуметтік саяси құрылымның пайда болу жүйесін жауапты қорғауға ғана емес, дәйекті индустрияландыру және техникалық жағынан қалыптасып келе жатқан жүйені қайта жарақтандыруын анықтады. Әскери қауіптің алғашқы белгілері Германия тарапынан әкеп соғып, іс-шаралар өткізу бойынша кешенді сақтау болды.

Осыған орай, 1932 жылдың 4 қазанында КСРО халық комиссарлар кеңесінің «Жергілікті әуеге қарсы қорғанысты ұйымдастыру туралы» қаулысын қабылдаумен басталды. Бұл акт барысында Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс құрылымы мен ел аймағын әуе қауіптілігінен қорғау болды. Осыған орай, 1932 жылдың 4 қазаңы Жергілікті әуеге қарсы қорғаныстың туылған күні болып белгіленіп, ел аумағы мен шекарасын қорғау барысының дамуы болып қалыптасты.Адамға өмір бойы әр түрлі қауіп-қа­тер кездеседі. әр азамат өмір сүруге, медициналық қызмет алуға, азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда, оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға құқы­лы. Халықаралық қауымдастық болуы мүмкін апаттарды жою және олардан зардап шеккендерге көмек беруде мемлекетаралық шараларды үйлестіретін халықаралық ұйым құру қажет деп тапты. Соның нәтижесінде 1932 жылдың наурыз айында Швейцарияның Женева қаласында Азаматтық қор­ғаныстың халықаралық ұйымы құрылып, Қазақстан Рес­публикасы 1997 жылдың қазан айында тәуелсіз мемлекет ретінде азаматтық қорғаныстың халықаралық ұйымының қатарына қосылды. Содан бері жыл са­йын «1 наурыз – Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні» болып аталып өтіледі. Біздің мемлекетіміз өзі­нің азаматтарының өмірін қорғау мен қауіпсіздігін қам­тамасыз ету саясатын жүргізіп келеді. Қазіргі кезде елімізде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жү­йесі қалыптасқан. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі халықты, қоршаған ортаны, шаруашылық нысандарын табиғи және техногенді апаттардан қорғау және одан туындаған зардаптарды жою өрт қауіпсіздігін, өнеркәсіпте, тау-кен орындарында қауіпсіз еңбек ұйымдастыруды бақылау салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және іс-қимылдарды үйлестіретін міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы», «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңдар негізі болып табылатын арнайы заңдылық базасы жасалды. Осы заңдардың негізінде облыста іс-қимылдарын Қазақстан Республикасы ТЖМ Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті үйлестіретін халықты және аумақты қорғайтын төтенше жағдайлар және аза­маттық қорғаныстың қызметтері мен құрылымдары облыста, қалада, аудандарда құрылды. Соңғы жылдары жер шарының халқы мен кейбір аймақтары әр түрлі қауіпті табиғи және техногенді си­паттағы апаттардан зардап шегуде. Біздің облыс аумағында су тасқыны, өрттер, індеттер, техногенді сипаттағы апаттар, жол-көлік оқиғалары, желді-қарлы борандар, нөсер жаңбырлар сияқты тө­­тенше жағдайлар болып тұрады. Болып жатқан тө­тенше жағдайлар экономиканың өркендеуіне кері әсерін және әлеуметтік даму процесіне теріс ықпалын тигізіп азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаға орасан зиян келтіретіні анық. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы Заңдарымен қарастырылған халық өзінің құқығы мен міндеттерін білуі және де негізгі ережелерді естен шығармауы тиіс. Олар: су тасқыны кезіндегі іс-әрекет, жол қауіпсіздігін сақтау, су айдынындағы іс-әрекет өзіне және өзара көмек көрсету.

Халықты және аумақтарын әскери қауіптен қорғау барысында мемлекет 1961 жылы Азаматтық қорғаныс саласы бойынша қазіргі заманғы соғыстан қорғау елдің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің бірден-бірі жолы стратегиялық факторларды құру болды. Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс құрылған сәттен бастап жаңа жүйеге тәжірибе, дәстүр, бір сөзбен айтқанда барлық жақсы құрылғылар жатты. Негізінен ұйымдық құрылымы мен оның жүйелі әдістерін қамтамасыз ету болды. Сол уақытта Азаматтық қорғаныс пен Жергілікті әуеге қарсы қорғаныс арасында айырмашылықтар болды. Сол айырмашылықтар қандай болды?

Біріншіден, Азаматтық қорғаныс жалпы мемлекеттік және жалпыхалықтық сипаттағы іс-шаралар болды. Олар елдің барлық аумағында жоспарланған жүйеде жүзеге асырылып, әрбір жеке азамат пен ұжымды қамтыды.

Екіншіден, елімізді барлық зақымдаушы факторлардан қорғау, тұрғындар мен аумақты қорғауды қамтамасыз ету болды.

Үшіншіден, азаматтық қорғаныс саласының шешілетін міндертерінің шеңбері кеңейді. Осылайша, оынң негізгі міндеттер қатарына соғыс уақытында тұрақты жұмыс пен өнеркәсіппен қамтамасыз ету болды.

Төртіншіден, ядролық шабуыл жасау барысында бір мезгілде жүздеген мыңдаған зардап шеккен адамдарға көмек көрсету жағдайды туындайтының Хиросима және Нагасаки тәжірибесі көрсетті.

ХХ ғасырдың 80 жылдарында табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жою алдын алу проблемалары жеткілікті деңгейде болды. 1989 жылдың ортасында КСРО-ның жоғарғы кеңесінің қаулысымен 1990 жылдың 15 желтоқсанында тұрақты жұмыс істейтін КСРО Төтенше жағдайлар Министрлер Кеңесінің комиссиясы құрылды. КСРО ыдырағанға дейін төмендегі комиссия жүйесі болған:

21 тамыз 1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі Комиссия құрылған,

19 қараша 1995 жылы Мемлекеттік жағдайлар комитеті құрылған,

10 қазан 1997 жылы Төтенше жағдайлар Комитеті құрылған,

22 қаңтар 1999 жылы Төтенше жағдайлар Агенттігі құрылған,

29 қыркүйек 2004 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылған,

6 тамыз 2014 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Төтенше жағдайлар Комитеті.

Қазақстан Республикасының заңының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» № 188-V 3 РК, азаматтық қорғаныс бұл-мемлекеттік жүйенің құрамдас бөлігі азаматтық қорғау кешенін іске асыруға арналған іс- шаралар бейбіт және соғыс уақытында халықты қорғау бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында зақымдау факторларының қазіргі заманғы зақымдау құралдарын, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар әсерінен қалыптасқан.

Азаматтық қорғау қызметі бейбіт және соғыс уақытында азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындайды, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының зақымдау факторларынан, төтенше жағдайлардың салдарларынан халықты қорғауды және жеке құрамды оқыту бойынша іс-шаралар өткізуді қамтамасыз етеді.

АҚ қызметі өздеріне жүктелген міндеттерді азаматтық қорғаудың басқа күштерімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жұмылдырылатын бөлімдері мен бөлімшелерімен тығыз өзара іс-қимылда шешеді. Қызметтердің күштері мен құралдарын дайындау табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы нәтижесінде, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану нәтижесінде туындауы мүмкін болжамды жағдайды ескере отырып жүргізіледі.

Алайда туындаған күрделі мәселелерді шешуге ол толық міндеттелмеген еді. Төтенше жағдайларды жою және алдын алу бойынша нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу бойынша болды. Алғаш рет мемлекет тарихында заңнамалық актілер регламенттелген бірыңғай бағытта қалыптасты. Барлық инфрақұрылымы бар тармақталған, тиімді жұмыс істейтін басқару жүйесі қалыптасты. Өңірлік саясаттың арқасында органдар арасындағы әр түрлі деңгейдегі өзара іс-қимылдар нығая түсті. Нәтижесінде мақсатты түрде реформалау айтарлықтай нығайып, азаматтық қорғаныс күштері құрылды, кәсіби тиімді ұтқыр бөлімшелер қалыптасты. Құтқарушылардың кәсіби деңгейі көтерілді.

Техникалық жарақтандыру күштері түбегейлі жақсарды. Азаматтық қорғаныс базасында қарулы күштер құрылып, бейбіт және соғыс уақытында алдын ала бағытталған авариялық- құтқару жұмыстары белгіленген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы №701 қаулысына сәйкес ҚР ТЖ министрлігінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылды.

Қай мемлекет болса да қандай да бір авариялардан, дүлей табиғи апаттардан және террористік актілерден толық қауіпсіздендірілген емес. ТЖ ұлттық ерекшелікке қарамайды, ал оның масштабы, күрделілігі, экономикалық залалы күн санап өсе түсуде, сондықтан да халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғау проблемасы күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып отыр. Әрбір азаматтың және оның меншігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің айрықша құзыреті, десек те азаматтық қорғау іс-шараларын орындау Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері болып табылатынын ұмытпау керек.
Елімізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың мемлекеттік жүйесі қалыптасқан және табысты түрде іске асуда. Оның басты міндеттері – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, адамдардың өмірі мен денсаулығын, материалдық және рухани құндылықтарды, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Әрбір азамат тұратын, жұмыс істейтін және оқитын аумағында қандай төтенше жағдайлар болуы мүмкін екендігін білуі тиіс. Біздің төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюды табысты жүргізуіміз халықтың дұрыс және епті іс-қимылдарына тікелей байланысты.
Сонымен қатар үйлерімізде не жеке қорғаныс құралдары, не өрт сөндіргіш жоқ, сондай-ақ ТЖ орын алған жағдайдағы қарапайым жүріс-тұрыс қағидаларын біле бермейміз. Сондықтан да бұл жағдай халық арасында алдын алу шараларын белсенді түрде жүргізуді талап етеді.

Азаматтық қорғау қызметінің негізгі міндеттері:
қызметтің азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеу және уақтылы түзету;
қызмет құрылымдарын құру, ұстау, жеке құраммен жасақтау және материалдық құралдармен жабдықтау;
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халық пен аумақты қорғау мәселелерін насихаттауды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде және қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану кезінде халықты іс-қимылдарға үйретуді ұйымдастыру;
медициналық құралымдарды құру және ұстау, оларды техникамен, мүлікпен және жарақтармен жабдықтау;
іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, төтенше жағдайлар аймақтарында өрттерді ауыздықтау және сөндіру.Азаматтық қорғаныс саласының басты бағыттарының бірі – барлық санаттағы халықты әр түрлі сипаттағы қауіп-қатерлер төнген жағдайда атқаратын іс-қимыл ережелеріне үйрету.Азаматтық қорғаныс баршаға қатысты. Сондықтан барлығыңызды күнделікті, оқу, жұмыс орнында қауіп­сіздік шараларын сақтауға, төтенше жағдай қауіп төн­генде немесе олар орын алғанда өзіңізді құтқаруға және зардап шеккен адамға қол үшін беруге дайын болуға шақырамыз.

Жалпы, халық арасында азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту, азаматтық қорғаныс дегенге нелер жататындығын түсіндіру, қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру, табиғатты қорғау шараларына, алғашқы көмек қалай көрсетуді үйретудің маңызы үлкен.        

Қатысты жаңалықтар

Жолдау елге біраз өзгерістер әкелді

azatmedia

Белгілі журналист «өмірді түбегейлі өзгертетін» курстың бар былығын жайып салды

azatmedia

САУРАН: ЖҮЙНЕКТЕ «ЫНТЫМАҚ, БІРЛІК, КЕЛІСІМ – ЕҢ АСЫЛ БАҚЫТ ЕЛ ҮШІН» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

azatmedia