Жаңалықтар

САУРАН АУДАНЫНДА 8000-НАН АСТАМ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ГАЗҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Мемлекет басшысының Қазақстан аймақтарын газдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында Сауран ауданындағы Ибата ауылы көгілдір отынға қосылып, тұрғындардың қуаныштары еселенді. Айтулы шараға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зулфухар Жолдасов, «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов пен аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев қатысты. – Бүгінгі таңда Ибата ауылының 8 мыңға жуық тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін Сауран өңірінің Ойық, Бершінтөбе және Шоқтас елді мекендерін газға қосу жоспарлануда. Нысанның құрылысы мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүргізілді. Енді қыс басталғанға дейін газды үйге кіргізуді қолға алу қажет. Газ негізінен экологиялық таза отын, алдағы уақытта елді мекен халқының әл-ауқатын дамытуға серпіліс береді деп ойлаймын, – деді Зулфухар Жолдасов.Ибата және Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамту үшін 2020-2021 жылдары құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Мердігер мекеме – «Күмбез Констракшн» ЖШС-і. Жоба бойынша 44 көшеге газ құбыры тартылған. Ауданында 36 елді мекен болса, оның 8 елді мекені газбен қамтылған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

КЕЛЕС: КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

azatmedia

ЕЛ БІРЛІГІН НЫҒАЙТУ, ЖАСТАРДЫ ИГІ ІСКЕ ЖҰМЫЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ САРАЛАНДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МЕН УНИВЕРСИТЕТІН АШУ БОЙЫНША КЕЛІССӨЗ ЖҮРГІЗІЛДІ

azatmedia