Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында да «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты.

Осы орайда, Түркістан облысы Түлкібас ауданында өткен жылы жұмысын бастаған «Нұрсәуле фрудс» ЖШС балық шаруашылығын дамытуға бел буып, тонна сазан, ақ амур, дөнмандай, форель балықтарын өндіруді көздеп отыр.

Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген балық уылдырықтарының 3 млн. 200 мың данасын Құлан су қоймасы мен жанынан өздері соққан жасанды бассейндерге жіберген. Кәсіпкерлік нысанда 14 адамға жаңа жұмыс орны ашылды.

Аталған серіктестікке аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы барып, бүгінгі жұмысымен танысты.

Әкімдік тарапынан қолдау сұраған кәсіпкерге аудан басшысы заң талаптарына сай барлық көмектер көрсетілетіндігін айтып, жауапты бөлім басшысымен бірге тиісті құжаттарын дайындап, ұсыну керектігін жеткізді.

Айта кетейік, аудан көлемінде соңғы 3-4 жылда балық шаруашылығымен айналысуға ниет білдірушілердің саны артып келеді. Осыдан 10 жыл бұрын Арыс ауылдық округіне қарасты бірден-бір балық шаруашылығын дамытушы «First Fish Company» ЖШС-гі ғана жұмыс істеп келсе, бүгінгі таңда аудан көлемінде 12 шаруашылық өзінің жеріндегі өзен, көлдер мен жасанды тоғандарына балық шабақтарын жіберіп, балық өсірумен айналысуда. Осы күнге дейін 28,5 га жер теліміндегі тоғандарға 3,5 млн. дана шабақтар жіберілген.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИЛІК ШАРУА ҚИЯР ЕГІП, ЖЕРЛЕСТЕРІН ОТАНДЫҚ КӨКӨНІСПЕН ҚАМТЫП ОТЫР

azatmedia

ҚОҒАМДАҒЫ МАСЫЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ НЕДЕН?

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ САЛЫНЫП ЖАТҚАН МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫН ҚАДАҒАЛАДЫ

azatmedia