Соңғы жаңалықтар

Қытай-АҚШ сауда соғысында қай тарап жеңіп жатыр?

Қытай АҚШ-пен болып жатқан сауда соғысында жеңіп жатыр. Ол барлық маңызды көрсеткіштер бойынша алда, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Bloomberg сайтына сілтеме жасап.

Қытайдың ЖІӨ көрсеткіші екінші тоқсанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2 пайызға артқан. Ал АҚШ экономикасы 32,9 пайызға құлдырады. Бұдан бөлек юань сегіз апта бойы нығайып келеді. Бұл – 2018 жылдың ақпан айынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Ал доллар керісінше, уақыт өткен сайын әлсіреп барады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ экономикасын қайта өркендету «шараларынан» Қытай экономикасы нығайып барады. Бұған дейін АҚШ компаниялары өз өндірісін Қытайдан алып кетпек ойының жоқ екенін мәлімдеген болатын. Тамыз айының ортасында екі ел келісімшартқа отыруы тиіс еді. Дегенмен тараптардың дайын болмауына байланысты кездесу болған жоқ.

Айта кету керек, Пекин қаңтардағы келісімді іс жүзінде орындап жатқан жоқ. Ол бойынша Қытай тарапы 2020 жылдың қорытындысы бойынша АҚШ-тан 200 миллиард доллардың тауарын сатып алуы тиіс болатын.

Қатысты жаңалықтар

Қырғызстан билігі Садыр Жапаровтың қолына өтті

azatmedia

Қазақстан конфессияаралық келісім отаны

azatmedia

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ «ЖАСЫЛ» АЙМАҚҚА ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру