Соңғы жаңалықтар

БӘЙДІБЕКТІК КӘСІПКЕР 40 БАЛАҒА МЕКТЕПКЕ ҚАЖЕТТІ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫН СЫЙЛАДЫ


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Борлысай ауылдық округінің «Қошқарата Береке» қоғамдық қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен округтің тумасы кәсіпкер Марат Тәттібаев Қошқарата елді мекеніндегі Борлысай жалпы орта мектебінде оқитын көпбалалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасындағы 40 балаға арнап мектепке қажетті оқу құралдары мен пәндік кітаптарды сыйға тартты.

Жерлестеріне қол ұшын созған азамат Борлысай ауылдық округінде туылған. Қазіргі таңда Алматы қаласында тұратын кәсіпкер өзі туып-өскен ауыл-аймаққа игілікті іс жасап жүрген азаматтардың бірі.


Ол жыл сайын өзінің туған жері Борлысай ауылдық округіндегі көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік жасап, көмек қолын созып, қолдау білдіріп келеді. Туған жерінен жырақта жүрсе де, жерлестерін ұмытпай, әрдайым демеушілік жасап, Борлысай ауылдық округінің дамуына өз үлесін қосып отырған азамат Марат Тәттібаевқа жерлестерінің алғысы шексіз.

Қатысты жаңалықтар

Юрий Ильин Түркістан облысында әуеден барлау жұмыстарын жүргізді

azatmedia

Тоқаев 2021 жылы рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

azatmedia

ТҮЛКІБАС: ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

azatmedia