Соңғы жаңалықтар

БӘЙДІБЕК: АШЫҚ АЛАҢДАҒЫ КИНОТЕАТР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ


Бүгін Бәйдібек ауданы, Шаян ауылындағы Жастар саябағының ашық алаңынан 110 көрерменге арналған жаздық кинотеатр пайдалануға берілді.


Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ашылған кинотеатрдың салтанатты лентасын аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай және «САҚ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев қиды.


Салтанатты іс-шарада «САҚ» киностудиясының «Мейірім шуағы» атты фильмі аудан тұрғындарына көрсетілді.


Мәдениет қайраткері, «Мейірім шуағы» атты фильмінің режиссер Батырхан Дәуренбеков құттықтау сөз сөйлеп, кино өнеріне қолдау білдірген аудан басшылығына алғысын білдіріп, «САҚ» киностудиясының шығарған «Мейірім шуағы» фильмінің 70 дана бейнетаспасын тарту етті.


Айта кетерлік жайт еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ауданда тұңғыш рет ашылған кинотеатр. Алдағы уақытта жаңадан ашылған кинотеатрда аудан тұрғындарына түрлі жанырдағы кинофильмдер көрсетілетін болады.

Қатысты жаңалықтар

Қажымұқаннан да асқан күшті бар

azatmedia

Жат құндылықтарды таратушы деструктивті діни ағымдар

azatmedia

State Bank of India Is Most Trusted and Popular Bank in India

azatmedia