Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас әкесіне айрықша сыйлық жасады (видео)

Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың отбасында қуанышты жағдай. Жұлдызды жанұя өткен демалыста әкелері Нұртас Айдарбековтың туған күнін дүркіретіп тойлатқан, – деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас әкесінің жаңа жасқа толуына орай, дүбірлі той жасаған. Онда жұлдызды әулеттің ет-жақындары мен бірқатар өнер жұлдыздары жиналған. Алайда, бұл мерекелік шарадан туған күн иесі бейхабар болған. Оған келіншегі мен балалары үлкен тосын сый жасаған.

«10 шақты досың күтіп отыр деп алып келгенбіз, есіктен кіргенде, алдынан шу етіп ағайындар мен достарымыз түгел қарсы алғанда, сасқанынан «дастарханды не істейміз» деп құлағыма сыбырлап жатыр. Қайдан білсін, Түркияда жүрсем де телефонмен бәрін реттеп қойғанымды. Мен Түркиядан, Нүрекең Астанадан ұшып келгенбіз ғой. Қайратымның өнердегі достары да барынша үлестерін қосып, қонақтарымыз қайтқылары келмей барынша көңіл-көтеріп, Аллаға шүкір ойымыздағыдай өтті. Әрбір шаңырақта той болсын», – деп жазды Айдарбекова.

Нұртас Айдарбековке жасалған тосын сыйлар мұнымен таусылып қалған жоқ. Қайрат Нұртас той барысында әкесіне деген махаббатын жеткізіп, оған қымбат көлікті тарту етті.

Қатысты жаңалықтар

90-жылдары Германияға көшкен неміс әжейдің қазақша батасы жұртты сүйсіндірді (видео)

azatmedia

Маңғыстау облысында жасалған қылмыс туралы ақпарат жарияланды

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ МЕН МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

azatmedia