Соңғы жаңалықтар

АТАЛАРЫ АҒАШТЫ ТАМЫРЫМЕН ЖҰЛҒАН

Күрес өнерінің бірнеше түрін жетік меңгеріп, әлем чемпионы атағына қол жеткізген тұңғыш қазақ — Қажымұқан Мұңайтпасұлының аталары да тегін болмағаны анық. Осындай батыр аталарының ұрпағы қазақтың атын әлемге  танытып, алып күш иесі атанып отыр.

Қажымұқан Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Аталары: қыпшақ Тоқтарбай, одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан, Санбай, Шадибатыр, Ернақ және әкесі Мұңайтпас.

Атасы Ернақ ерекше күштің иесі болған дейді және өз немересіне қазақша күресті үйреткен. Ал нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлған деген аңыз бар. Әкесі Мұңайтпас та өте күшті адам болды. Күрес жарыстарына қатысып, «жуанаяқ палуан» деген атпен танылды.

Мұңайтпасұлы құжат бойынша 1871 жылы 7 сәуір күні қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Алайда оның туған жеріне қатысты басқа да пікірлер бар. Зерттеушілердің бір тобы оны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келді деп пайымдайды.

sputnik.kz

Қатысты жаңалықтар

Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

azatmedia

ТҮЛКІБАС: ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ШАМДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

azatmedia

«ЕҢБЕК ЖОЛЫ» КОНКУРСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК КЕЗЕҢІНЕ ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

azatmedia