Соңғы жаңалықтар

БАЛУАН-БАТЫР ЖАЙЛЫ ДЕРЕКТЕР

Балуан — батырымыз Қажымұқан Мұңайтпасов жайлы қызықты деректерді ұсынып отырмыз. Бұл ақпаратты әр қазақ баласы және күрес жанкүйерлері білуі тиіс.

1. Өмірінің соңғы кезеңі Түркістан жерінде өткізді. Бүгінде Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірланда балуанға арналған ескерткіш пен музей бар.

2. Ол өмірінің соңғы жылдары жасы жетпістен асса да ел аралап, цирк өнерін көрсетіп, жиналған 100 мың сомға майдан үшін деп ұшақ сатып әпереді.

3. Сталин Қажымұқанның осы ерлігі үшін арнайы марапат қағазын жібереді.

4. Алып күш иесінің тұңғыш рет әлемдік деңгейдегі көрінген шағы 1906 жыл еді. Алманиядағы дүниежүзілік сайыста әлем чемпионы атанды. Сол кездегі саясаттың салдарынан ол орыс палуандарының атымен күресуге мәжбүр болды. Оған түрлі лақап аттар берілді.

5. Қазақ қаламгерлерінің бәрі Қажымұқан туралы қалам тербеп, балуан жайлы бірнеше кітаптар жазды. Өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнаған бабамыздың бейіті Түркістан облысында жатыр.

Қатысты жаңалықтар

БІР ҚОЙЫЛЫМДА ҮШ КЕЙІПКЕРДІ СОМДАЙТЫН АКТЕР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА АЛҒАШ РЕТ ЕКІ МЫҢ ДАНА ҚЫЗҒАЛДАҚ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

azatmedia

МОНТАЙТАСТАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ: ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ОРЫНДАЛЫП, ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІ АШЫЛДЫ

azatmedia