Соңғы жаңалықтар

ҚАЖЕТТІ ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлім әдіскері Ақмарал Сағынбек «Жас мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жобасы» аясында білім ұйымдарындағы тарих пәнінен жас мұғалімдерге әр аптаның сәрсенбі күні қажетті әдістемелік көмек беруді ұйымдастырып өткізуде. Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық негіздері пәндері бойынша 5-11 сыныптарға сабақ беретін жас мұғалімдер сабақты жоспарлау құрылымдары, сабақтың тақырыбы, оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары, сабақтың мақсаты, сабақтың барысының кезеңдері: сабақтың кезеңі, педагогтің әрекеті, оқушының әрекеті, бағалау, ресурстар бойынша қысқа мерзімді жоспар жасап кері байланыс жасады. «Төрткүл» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Д.Алдаберген, Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ә.Әбсамат қысқа мерзімді жоспар жасауда өздерінің шеберліктерін танытты. Жобаға қатысушы жас мұғалімдерге әдістемелік көмек беру барысында оқушылармен өзіндік жұмыс жасау, сабақта әдіс – тәсілдерді қолдану, топпен жұмыс жасау жолдары туралы айтылды.

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

azatmedia

«Біз бақытты баламыз!»

azatmedia

СОЦИАЛЬНО УЯЗВИМЫМ СЕМЬЯМ ОКАЗАНА ПОМОЩЬ В РАЗМЕРЕ 7,3 МЛРД ТЕНГЕ

azatmedia