Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорық музейі мен Бадам ауылдық әкімшілігі бірлесе «Қазақ еліне Мың алғыс» тақырыбында қазақ халқының бір шаңырақ астына біріктіруге бағытталған » Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясы аясында өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші болып өтті. Іс- шараға өзге ұлт өкілдері мен қатар ұстаздар , әскери қызметкерлер, медицина саласының қызметкерлері де қатысты. Кездесу барысында алғашқы болып сөз кезегін алған ауыл әкімінің орынбасары Нұрлан Пернеханұлы ашты. Сонымен қатар Бадам ауылының тұрғыны ардагер дәрігер Пашаев Тұрмағамбет атамыз Сталиндік реформа кезінде еріксіз көшіріп келген ата – бабаларының қазақ жеріне қалай қоныс аударғандығын әңгімелеп өтіп, қазақ еліне деген өзінің алғысын білдірді. Іс – шара соңында 2020 жылы бүкіл әлем халқының үрейін алып , сан мыңдаған тағдырды жалмаған осынау алапат дертпен күресу жолында, адам өміріне араша болған медицина қызметкерлеріне және әскери қызметкерлерге алғыс хаттар мен сый сияпаттар табысталды. Мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Қатысты жаңалықтар

Қоғамдағы дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтар

azatmedia

НАЧАЛАСЬ ПОДГОТОВКА К ПРОВЕДЕНИЮ I ЭТАПА НАЦИОНАЛЬНОЙ ПЕРЕПИСИ НАСЕЛЕНИЯ

azatmedia

ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ЕСЕП БЕРДІ

azatmedia