Соңғы жаңалықтар

ПАРТИЯ ФИЛАЛЫ ЖАНЫНДА 9 ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

«Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы жанынан құрылған 9 қоғамдық кеңес жұмыс жасайтын болды. Бұл туралы Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы Саяси кеңесінің Бюросында айтылды. Елбасы, партия Төрағасының сайлаудан кейінгі кезеңде жергілікті жерлердегі жұмысты жандандыру жөнінде қойған міндеттеріне сәйкес, партия филиалдары сайланбалы органдар – Бюро мен Саяси кеңестердің құрамын қалыптастыру, сондай-ақ БПҰ төрағаларын сайлау жұмыстары тапсырылған болатын. Саяси кеңес Бюросына аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Нұрбол Әбсаттарұлы Тұрашбеков төрағалық етіп, мәжілісті жүргізіп отырды. «Nur Otan» партиясы төрағасы, аудан әкімі, Н.Тұрашбеков «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросы мәжілісінің күн тәртібіндегі мәселесін талқылай келе, 1.Бастауыш партия ұйымдарының есеп беру – сайлау жиналыстарының өткізу күндерінің кестесін; 2. Аудандық партия филиалының кезекті XLV есеп беру – сайлау конференциясын өткізу кестесін және күн тәртібін; 3. Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын және Ережесін бекітті. 1) Партиялық бақылау комитеті жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына–Раймбеков Ғани Ахылбекұлы; 2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – Ахметов Нұртас Құлтасұлы бекітілді. 3) Экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағалығына – Ерімбетов Ғазиз Қаныбекұлы; 4) Ұлт денсаулығы,Білім мен ғылымды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – Ақылбекова Жанар Сатанқызы; 5) Жұмыспен қамтуды және халықтың әлеуметтік осал әлсіз топтарын қолдау және отбасы, әйелдер және балалардың құқықытарын қоғау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – Омаш Сәуле Шапайқызы; 6) Өңірлік даму жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына–Ақмұратов Серғазы Жәмәділұлы; 7) Аграрлық секторды дамыту жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – Жанысбаев Талғат Аманұлы; ? Экология жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына –Джумабеков Бақдаулет Құрманбекұлы; 9) Жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес төрағалығына – Баймаханова Әсел Есіркепқызы. Мәжіліс соңында филиалдың Саяси кеңес Бюросының мүшелері тарапынан айтылған пікірлер мен ұсыныстар назарға алына отырып Қаулы қабылданды. Филиал жанынан құрылған өңірлік Қоғамдық Кеңестер өңірді дамытуды жетілдіру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды, нақты практикалық шешімдерді әзірлеу үшін диалог алаңына айналып, партияның билеуші саяси күш ретіндегі ресурстарына сүйене отырып, өңірлік даму міндеттерін іске асыруды кеңінен қолдауға ықпал ететін болады.

Қатысты жаңалықтар

КАВАСАКИ ТӘРІЗДІ СИНДРОМҒА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАР АЙЫҒЫП ШЫҚТЫ

azatmedia

Дау тудырған заң жобасын депутаттар қайтарып алды

azatmedia

МАҚСАТЫ БИІК МАҚСАТ

azatmedia