Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы — қазақтан шыққан асқан күш, күрес өнерінің тұңғыш иесі, француз және классикалық күрестен әлем бойынша бірнеше дүркін жеңімпаз. Күш иесінің музей қорындағы төлқұжаты бойынша 1871 жылы 7 сәуірде, Ақмола облысы, Қараөткел ауылында дүниеге келгені белгілі. Бірақ бұл жеке төлқұжат палуанға өмірінің соңғы жылдары, яғни 1941жылы Отырар ауданынан жасалып берілген.
Қарапайым отбасында дүниеге келген Мұқан бала жастан әкесі Мұңайтпасқа еріп ел ішіндегі түрлі жұмыстарға жалданып, жалшылықты бойына ар көрмей өскен. Бойындағы ерек күші мен алып денесі сырт көзге байқалған жас алып, ел ішіндегі түрлі жәрмеңкелердегі күрес, күш сынасу сайыстарына қатысып ерекшелене бастайды. Осындай бір ірі жәрмеңкедегі күрес сайысында ортаға шыққан Мұқанға қарсылас болған орыс балуаны, бұл қазақтың бойыннан ерекше күштің барын байқап, Петербордағы И.В.Лебедевтың күрес мектебіне тартады. Ол И.Злобин еді.