Елдің мәдениеті дамып, өркендеуі, қала берді, қуатты экономикаға ие болуы – қоғамдағы сан түрлі саланың жұмыла жұмыс істеуіне, білікті мамандардың ерен еңбегіне тікелей байланысты. Ал сапалы да бәсекеге қабілетті маман даярлау – еліміздегі білім саласына артылған жоғары жауапкершілік. Соңғы ширек ғасырдағы жеткен жетістік пен жемісті жұмыстың артында маңдайалды оқу орындары тұр. Бүгінгі материалымыз солардың бірі турасында болмақ. Сан түрлі салада озық ойлы, кемел білімді жас мамандарды даярлап, ел дамуына өз септігін тигізіп отырған аталған оқу орны – «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы Колледжі» ЖШС.
Бүгінде жеткен жетістігі әрі білім сапасымен өңірге, қала берді, республикаға танылып келе жатқан колледждің негізі 2013 жылы қаланған. Сол уақыттан бері бас-аяғы 8 жыл ішінде қазіргі заман талабына сай, сапалы да білікті, тәжірибелі де тәрбиелі жас мамандарды даярлап келеді. «Оңтүстік Қазақстан көпсалалы Колледжі» ЖШС 9 мамандық, 9 біліктілік бойынша білім береді. Бүгінде 1120 студент білім алуда. Оқу орны басшылығы әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге арнайы жеңілдіктерді де қарастырған. Атап айтсақ, олар үшін оқу ақысына жеңілдіктер беріледі.
Білікті басшы жайлы бірер сөз…
Ұжымның ұйытқысы – білікті басшы. Осы тұста Оңтүстік Қазақстан көпсалалы Колледжінің директоры турасында да біраз мәлімет бере кетуді жөн санадық. Мекеме мамандарының қабілетін ұштап, білім биігінде бәсекеге қабілетті болуына ықпал етіп отырған колледж директоры – Қожатаев Жәнібек Жаппарұлы. Тәжірибелі ұстаз 1955 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм станциясында дүниеге келген. Мамандығы – дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы. Жемісті еңбек жолы 1973 жылы Қызылорда облысы Локомотив депосында слесарь болудан басталды. 1974-1976 жылдары Қарулы күштер қатарында болған. 1976-1982 жылдар аралығында Шымкент гидро-мелиротив құрылыс техникумында жұмыс істесе, 1982-1988 жылдары Қажымұқан атындағы №8 спорт мектебінде еркін күрес жаттықтырушысы ретінде еңбек етті. 1988-2006 жылдары Шымкент экономика және құқық колледжінде әртүрлі қызметтер атқарған. 2006 жылы Шымкент агро колледжіне директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып келсе, 2007 жылы Қазақ-түрік университетінің Шымкент қаласындағы бөлімшесінде спорт клубы төрағасы болады. 6 жылдық жемісті жұмыстан кейін, атап айтсақ, 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің басшы болып, күні бүгінге дейін талай талапты жастың талантын ашуға мұрындық болып келеді.
Жаңарған материалдық-техникалық база
Колледждің материалдық-техникалық базасы барша заман талаптарына сай келеді. Арнайы жабдықталған пән кабинеттері жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, оқу орнының студенттері №4 Шымкент қалалық перинаталдық орталығы, №2 Шымкент қалалық перзентханасы, Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясы, №2 Шымкент қалалық ауруханасы, Облыстық балалар ауруханасы, №6 Шымкент қалалық емханасы, «Ай-нұры» медициналық орталығы, №3 Шымкент қалалық емханасы, Жалын жалпы білім беру мектебі және өзге де мекемелер базасында тәжірибесін арттырып, білімін ұштай алады. Шәкірттердің спортпен айналысуына да бар жағдай жасалған. Алыстан келетін студенттер үшін жатақхана жұмыс істеп тұр.
Жемісті жұмыс пен жеткен жетістік
Оңтүстік Қазақстан көпсалалы Колледжінің жеткен жетістігінің өзі арнайы тақырыпқа арқау боларлық. Бірқатарын ашып жазайық. Біліммен қатар, спортты да жанына серік еткен колледж студенті Аружан Байгелді самбо күресінен 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесі бойынша жүлделі ІІІ орынды, ушудан 18 және одан үлкен жастағы жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында 52 келі салмақ дәрежесі бойынша ІІІ орынды, самбо күресінен 1999-2000 жылдар аралығындағы жасөспірімдер арасында өткен Шымкент қаласының чемпионатында 48 келі салмақ дәрежесі бойынша І орынды иеленген. Оқу орнының тағы бір талапты шәкірті Нұрдәулет Бақтыбайұлы дзюдодан өткен талай талантты спортшылар бақ сынап, бәйгеге түскен Республикалық турнирде 73 келі салмақ дәрежесінде топ жарған.
Ал білім саласы бойныша Шымкент қалалық білім басқармасы ғылыми-әдістемелік орталықтың бекітуімен Қазақстан 2030 стратегиясы – кәсіпқой мемлекет: «Болашақ медицина мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелелері» тақырыбында колледжде қатарынан екі жыл аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өттілген. Конференцияға Республикадан оқушылар және мұғалімдер қатысқан.
Үлгілі ұстаз ұлтты тәрбиелейді
Әдетте кез келген мекеменің жемісті жұмыс істеуі – ұжымға байланысты. Мекемеде білікті, тәжірибелі ұстаздар дәріс береді. Жүздеген шәкіртке үлгі болып отырған педагогтардың жеткен жетістігі де аз емес. Атап айтсақ, Шепетова Мөлдір Әбдікәрімқызы 2019 жылы Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Текебаеваның мадақтамасымен, Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының, Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжінің құрылтайшысы, профессор Ж.К.Оңалбектің, Колледж президенті Н.Керімбектің алғыс хаттарымен марапатталған. «Қазақстан дәрігерлер ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Человек и лекарство-Казахстан» XII халықаралық конгресінің сертификаттарын алған.
Ал Байбатчаева Ақнұр Жаңабайқызы 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы білім барқармасы басшысы Е.Бұрхановтың Құрмет грамотасымен, Жастар ресурстық орталығының алғыс хатымен марапатталған. «Кредиттік-модульдік технологияны медициналық колледждерде қолдану тиімділігі» тақырыбы бойынша біліктілігін растайтын сертификат иегері. Республикалық «Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу» байқауының ІІІ орын жүлдегері. Бір сөзбен айтқанда, колледждің дамуына ерен еңбегі сіңіп келе жатқан майталман маман.
Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжі жеңілдіктері
- Әлеуметтік жағдайы төмен студенттердің оқу ақысына жеңілдіктер қарастырылған
- Оқу төлем ақысын бірден төлеген студенттерге 10% көлемінде жеңілдік беріледі
Колледж студенттеріне ЖАТАҚХАНА қарастырылған.
«Оңтүстік Қазақстан көпсалалы Колледжі» мына мамандықтар бойынша талапкерлерді қабылдайды
Техникалық және кәсіптік білім беру;
Мамандықтар тізімі
Мамандық атауы:
09120100-Емдеу ісі
Біліктілігі:
4S0912010-Фельдшер
Оқу мерзімі: 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
11 сыныптан соң 2 жыл 10ай
Мамандық атауы:
09130200-Акушерлік іс
Біліктілігі:
4S09130201-Акушер
Оқу мерзімі: 11 сыныптан соң 2 жыл 10ай
Мамандық атауы:
09130100- Мейіргер ісі
Біліктілігі:
4S09130103- Жалпы практикадағы мейіргер
Оқу мерзімі: 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
11 сыныптан соң 2 жыл 10ай
Мамандық атауы:
09160100-Фармация
Біліктілігі:
4S09160101-Фармацевт
Оқу мерзімі: 11 сыныптан соң 2 жыл 10ай
Мамандық атауы:
0420100- Құқықтану
Біліктілігі:
4S04210101-Заңгер
Оқу мерзімі: 9 сыныптан соң 2 жыл 10 ай
11 сыныптан соң 1 жыл 10ай
Мамандық атауы:
06130100- Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)
Біліктілігі:
4S06130105- Ақпараттық жүйелер технигі
Оқу мерзімі: 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
11 сыныптан соң 2 жыл 10ай
Мамандық атауы:
01120100- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілігі:
4S01120102- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі
Оқу мерзімі: 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
11 сыныптан соң 2 жыл 10ай
Мамандық атауы:
01140500- Дене тәрбиесі және спорт
Біліктілігі:
4S01140501- Дене тәрбиесі мұғалімі
Оқу мерзімі: 9 сыныптан соң 3 жыл 10 ай
11 сыныптан соң 2 жыл 10ай
Мамандық атауы:
04110100-Есеп және аудит
Біліктілігі:
4S04110102-Бухгалтер
Оқу мерзімі: 9 сыныптан соң 2 жыл 10 ай
11 сыныптан соң 1 жыл 10ай
Мекен-жайымыз:
Шымкент қаласы, Рыскулов көшесі 25/1
(Евразия аялдамасы)
8707-594-28-95, 8771-150-99-66, 8775-822-61-62
kolledj2013@mail.ru
Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӨП САЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ
Мемлекеттік лицензиясы №13005752
«Оңтүстік Қазақстан көп салалы колледжі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5 жылға аккредиттелді
Жарамдылық мерзімі: 22.05.2020-21.05.2025 ж.
Тіркеу номері ІА №0149