Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» – жауапты басқарма мәлімдеме жасады

Ақтөбенің бас дәрігері балалар апельсиннен жаппай уланып жатқаны жайлы желіде тараған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде WhatsApp желісі арқылы «балалар жаппай апельсиннен уланды» деген ақпарат тарап кетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде тараған хабарламада бейтаныс адам «мандарин, апельсин жемеңдер, Ақтөбеде мандарин, апельсиннен балалар өліп жатыр» деп мәлімдейді. Ол «балалардың ауыз қуысы уылып, жара болып, инфекциялық аурухананың іші науқасқа толды» екеніне де көпішікті сендірмек болады. Бұл хабарламадағы ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев жоққа шығарды.

«Балаларды емдейтін екі ауруханаға хабарласып, жағдайды білдім. Жаппай уланып, ем іздеп келген бала жоқ. Бұл жалған ақпарат»,- деді Исаев.

Қатысты жаңалықтар

Мейрамбек Беспаев: «Ақшаға қырылып қалған өзге ұлт көрмедім»

azatmedia

Дәстүр аясындағы діни білім беру феномені

azatmedia

Әлемде баламасы жоқ құрылғы ойлап тапқан қазақстандық ғалым жайлы не білеміз

azatmedia