Соңғы жаңалықтар

Сынып жетекшілігі үшін берілетін ақыны 100 мыңға көтеру ұсынылды

Azat-media.kz. Бүгін Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласында белсенді мектеп мұғалімдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында түрлі ұсыныстар айтылды, – деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Министрмен болған жиында Айбар Абайұлы есімді белсенді мұғалім министрге сынып жетекшілігі үшін берілетін ақының көлемін көбейтуді сұрады.

«Сынып жетекшінің еңбегін 10 мың теңгеге бағалау дұрыс емес. Сынып жетекші әрбір оқушымен, әрбір ата-анамен, пән мұғалімдерімен, мектеп басшылығымен сынып үшін қаншама жұмыс жүргізеді. Тәрбие сабақтарын ұйымдастыру, сынып есебін тапсыру т.б. толып жатқан жұмыстары бар. Сынып жетекшінің жалақысын кемі 42500-ден 100 мыңға дейінгі аралықта көтеру қажет», – деді Айбар Абайұлы.

Министр жиынға қатысқан әр мұғалімді мұқият тыңдап, соңында біреуінің де айтқанын қалт жібермей, жетік және егжей-тегжейлі жауап берді.

Қатысты жаңалықтар

Ө.Шөкеев: Сапада салғырттыққа жол берілмейді

azatmedia

Қытай көшбасшысын сайқымазаққа теңеген адам 18 жылға сотталды

azatmedia

Чего добился Казахстан с Нурсултаном Назарбаевым?

azatmedia