SuperOngar жобасы жалпы Интерньюс Халықаралық ұйымының қолдауымен, USAID-тің MediaCamp бағдарламасы шеңберінде жүзеге асқан ірі білім, ойын-сауықтық медиа жоба. SuperOngar – 2020 жылы ақпанда өткен Эдьютонда жеңіске жетіп, грант алған жобалар санатындағы ең белсендісі, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Себебі Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Оңтүстік өңірлердегі аймақтағы жастарының медиасауаттылық және сыни ойлау қабілетін арттыруға бағытталған семинар-тренингтермен веб-сериалдар топтамасын бір арнаға жинақтаушы медиа-жоба. Әлемдегі COVID19 пандемияның салдарынан жастарға бағытталған бұл жоба ZOOM плотформасында өткізілді. Онлайн форматта өткен қатысушылары мен көрермендері сыни пайымын дамытып, жалған мен шындықты бір-бірінен ажырата білуді үйреніп, апта сайын сыйлық ұтып алды. Медиа-бағдарлама қазақ және орыс тілінде аптасына 1 реттен 3 сағат өткізілді. Қатысуға өтінім берген қатысушылар қатары қалың болды.
Тіпті еліміздің Батыс өңірлерінен, Оңтүстіңтің шалғай аудандарында тұратын белсенді жастар да медиасауаттылық бойынша білімдерін дамытып, осы салада өз үлестерін қосуға ынтықты. SuperOngar дегеніміз: супермедиасауатты адамға айналған Оңғардың өмірі туралы веб-сериал;
Аптаның демалыс күндері үздік спикерлер өткізетін вебинарлар;
қызықты интерактив қарым-қатынас; жүлделі байқаулар; Жобаның басты кейіпкері – Оңғар деген жігіт.
Ол медиасауатты болуға әрдайым ұмтылады, алайда бұл талпынысы оңай соқпайды. Қазақ тілінде өткен семинар-тренингкке қатысушылар өз сыни ойлау қабілетін, медисауаттылық бойынша білім дағдыларын — БҰҰ бойынша Халықаралық журналист-редактор, медиа-тренер Сағындық Жанысбаев және Педагогика саласының жас майталманы Айым Ахметова сынды Эдьютон түлектерінен дамытып, үйренді.
Жоба мақсаты – медиа мәтінді сыни тұрғыдан бағамдап, қабылдай білетін медиатұтынушыларды дайындау, ойын-сауық контентіне сүйеніп, медиа кеңістікті бағдарлау болатын.