Қазығұрттық шаруалар мал басын асылдандыруға ден қойып отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпаратты порталы.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ. Әбдалиев ауылдық округі бойынша мал шаруашылығын жандандыру, мал басын асылдандыру мақсатын мемлекеттік бағдарламалар жүзге асуда.
Бүгінгі таңда Қ. Әбдалиев ауылдық округі бойынша 30-ға жуық бордақылау алаңдары бар. Шаруалар мал басын асылдандыру мақсатында мемлекет тарапынан берілген қолдауға ие болып отыр. Мал басын асылдандыру бағытындағы «Сыбаға»,»Алтын асық»,»Жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа» бағдарламасы бойынша 300 мал басы сатып алынса, 2020 жылдың 380 мал басы алынған. Қазіргі таңда шаруа қожалықтары бордақы малдың етін өңіріміздің ішкі нарықын етпен қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ, Қ. Әбдалиев ауылдық округі бойынша «Конго қырым қанды безгегі» ауруының алдын алу мақсатында уақ малын тоғыту жұмыстары жылда көктем және күз айларында жүргізілді. Сонымен қатар, қора-қопсылар мен жайылымдық жерлерді дезинфекциялау жұмыстары өз мерзімінде ұйымдастырылды.