Басты жаңалықтар

Қазақстанда 241 мұғалімнен коронавирус анықталды

мұғалім 11111

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырудың 241 жағдайы тіркелгенін айтты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«241 жағдай – мұғалімдер арасындағы жағдай. Бұл бүкіл ел бойынша, барлық 17 өңірде. Тергеу жүргізіліп, байланыста болған адамдар анықталып жатыр, ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – деді Есмағамбетова.

Сондай-ақ, оның айтуынша, кезекші сыныптарда оқитын 302 оқушыдан және қашықтан оқитын 740 оқушыдан коронавирус анықталған.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы көлемi өсті

azatmedia

Қазақстанда шілдеден бастап кімдердің жалақысы 150 пайызға дейін өседі?

azatmedia

«Жедел жәрдемнен ұрлап әкетіп зорлаған»: Павлодарда сұмдық жағдай орын алды

azatmedia

Пікір қалдыру