Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Ауданда инфрақұрылым мәселелері жоспарға сай шешімін табуда. Аудан бойынша 47 202 жеке тұрғын үй болса, оның 36 324 яғни, 77 % тәулік бойы сапалы ауыз сумен қамтылған. Қазіргі уақытта Азат шағынауданы мен Тассай, Достық, Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары аяқталуға таяды. Нысандарды 2020 жылдың соңында тапсыру жоспарланып отыр. Асар-2, Достық, Тұран шағынаудандарын сапалы ауыз сумен қамту құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысандар 2021 жылға өтпелі. Аталған жұмыстар аяқталуына орай, сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 83,5 % жетпек. Аудан аумағында ауыз сумен қамтуды қажет ететін 6 елдімекен бар. Олар: Асар-2, Бозарық саяжайы, Қайнарбұлақ тұрғыналабы, Исфиджаб тұрғын алабы, Сайрам тұрғын алабы, Қызылсу тұрғын алаптарының Жаңақұрылыс аумақтары. Ауданда 34 833 үй, яғни 73,7 % табиғи газбен қамтылған. Бүгінде Асар-2, Азат, Достық, Тұран шағынаудандарын табиғи газ жүйелерімен қамту мақсатында мердігер мекемелер анықталып, құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Сонымен қатар, Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Тұран шағынауданын табиғи газбен қамту мақсатында магистральды газ құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Сондай-ақ, 37 169 үй, яғни 78,8% қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мен «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің балансындағы, ал, 10 033 үй (21,2%) жекеменшіктегі электр трансформаторлары арқылы электр жарығын пайдалануда. Шапырашты және Өтеміс тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Азат, Асар-2, Қайтпас шағынаудандары мен Тассай тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Таскен тұрғын алабы мен Қайтпас шағынауданының ескі электр жүйелері «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасы аясында жаңартылуда.Сонымен қатар, Асар-2 (2 кезек), Бозарық-2 ш/а, Достық тұрғын алаптарын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында ЖСҚ әзірленген.
Келесі жаңалық