Словакиялық шеберлер жасаған жалпақ AirCar аэродинамикалық тіреуі аса дамыған суперкар сияқты көрінеді. Автокөлікті ұшаққа айналдыру үшін тиісті батырманы басса болды, қалғанын автоматика жасайды, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.
Көліктің бүктелген қанаттары жазылып, артқы бөлігі мен рөлі ұзарады. Бұл процесс үш минут уақыт алады.
Көлік 140 ат күшіне ие 1.8 литрлік BMW арқылы қозғалады. Екі адам сыятын модельдің салмағы 1100 кг. AirCar мың шақырымға ұша алады, 200 км жылдамдықпен қалықтаса, сағатына 18 литр отын жұмсайды.

Аэромобиль өткен аптада Словакиядағы Пьештян әуежайында екі рет ұшып, төңіректі еш кедергісіз айналып шықты. Өнім авторы Стефан Кляйн көлікті басқару қиын емес екенін және жүргізушіні ұшқышқа қайта квалификациялау процесі көп уақыт қажет етпейтінін айтты. Қанатты көліктің сатылатын нұсқасы бір-екі жылда жарық көреді деп жоспарланып отыр, оған анағұрлым қуатты мотор орнатылады. Ал бағасына қатысты мәлімет жоқ.
- ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ
Түркістан қаласында жеке инвестиция есебінен жаңа медициналық нысан бой көтеріп жатыр. Орталық құрылысымен Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев пен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және арнайы танысты. Бекзат секторында орналасқан нысанда ішкі әрлеу жұмыстары аяқталу кезеңінде. Сонымен қатар, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды орнату, қажетті инфрақұрылымды жасақтау және білікті мамандарды қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Екі қабатты,… - КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының табысын арттырып, кәсіпкерлікті дамытуға тың серпін беруде. Бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, кәсібін өркендетіп отырған жандардың бірі – Кентау қаласының тұрғыны Ажар Қалдыбаева. Ол 2023 жылы Мемлекеттік бағдарлама арқылы 8,5 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Бөлінген қаржыға… - ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында вице-премьер Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Жетісай ауданындағы «Тәуелсіздікке 20 жыл» каналының №1 және №2 сорғы станцияларында болды. Мұнда өңірдегі вегетациялық кезеңнің өту барысы, су ресурстарын тиімді пайдалану және суармалы алқаптарды ағын… - ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Қазығұрт ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында облыстық «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Табиғатты қорғауға бағытталған тағылымды шара Шарбұлақ ауылындағы тарихи бұлақтың маңында өтті. Акцияға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Аширов, Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов, коммуналдық мекеме қызметкерлері, еріктілер, белсенді жастар,…
