Коронавирустан айыққан қазақстандықтарда аурудың асқыну белгілерін байқала бастады. Емханаларға коронавирустан айығып, бірақ басқа ауруларға шалдыққан адамдардың қарасы көп. Сондықтан аға буынға үлкен қауіп төніп тұр, деп хабарлайды Azatmedia.kz Stan.kz ақпарат агенттігі cілетеме жасап.
62 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Болат Дәуренов коронавирустың орта дәрежедегі түрімен ауырған. Өкпесінің 75%-ы қабынғандықтан, провизорлық стационарда үш апта емделіп, 7 тамыз күні ауруханадан шығарылған. Алайда коронавирустан кейін асқынулар орын алмауы үшін науқас өзі тіркелген емханада жүйелі түрде тексеріліп тұруға мәжбүр.
«Менде демікпе мен қатты жөтел болды. Дене қызуым 38 градусқа дейін көтерілгендіктен, маған қайтадан емханаға жүгінуге кеңес берді. Жасым да келіп қалды, егер ешқандай қауіп болмаса, ағза бірден қандай да бір вирусқа қарсы тұратын еді», – дейді науқас.
Бүкіл әлемдегі дәрігерлер коронавирустың ұзақ мерзімді салдарын зерттеуде. Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың белгілері бірнеше айға дейін сақталуы мүмкін. Қазақстанда да бұндай жағдайлар жиі кездеседі, өйткені көптеген науқастардың иіс және дәм сезу рецепторлары уақыт өте келе ғана қалпына келіп жатқан көрінеді.
«Демікпе, әлсіздік, шамадан тыс терлеу, иіс және дәм сезу рецепторларынан айырылған науқастар әдеттегіден ұзақ қалпына келіп жатады. Ал, коронавируспен ауырған науқаспен қарым-қатынаста болған немесе өздері ауырған балаларға кавасаки синдромымен ауыру қаупі бар», – дейді Индира Қалқабаева №12 поликлиниканың меңгерушісі.
Британдық неврологтардың деректеріне сүйенсек, коронавирус ми мен орталық жүйке жүйесіне зақым келтіріп, психоз, паралич, инсульт тудыруы мүмкін. Сондықтан коронавируспен ауырған науқастар бір жыл бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Өзін жайсыз сезінген әрбір науқас, учаскелік дәрігерін шақыртуы керек.
«Егер бұрын физикалық белсенділік ешқандай жайсыздық тигізбесе, қазір әлсіздік, күш-қуаттың төмендеуі сияқты кері әсер тудырады. Сонымен қатар, індетпен ауырған адамдар психологиялық аспектпен де бетпе-бет келеді, себебі басым бөлігі көңіл-күйдің төмендеуін байқайды», – дейді Наталья Рахальская №2 қалалық емхананың бас дәрігері.
Денсаулық сақтау министрлігі асқынулардың салдарын зерттейтінін хабарлады. Ол үшін ұзақ мерзімді зерттеулер қажет. Зейнетке шығудың алдында ұрған адамдарға үлкен қауіп төнуде.
«Шамамен 350-400-ге жуық қазақстандықтарды медицина қызметкерлері анықтады. Емханаға бармаған адамдар мен симптомсыз ауырғандарды да ескеру қажет», – дейді Бағдат Қожахметов денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі.
Дәрігерлер иіс және дәм сезу рецепторларының қалпына келетініне сенімді. Індеттен кейінгі тағы бір жағымсыз салдар, тамырларда тромбтардың пайда болуы мен қанның ұйымауы, ол тромбоэмболияға немесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін дейді дәріерлер.
Коронавирустың салдарын азайту үшін дәрігерлер реабилитологтардың бақылауымен күнделікті тыныс жаттығуларын жасауға кеңес береді.