Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған.Түлкібас ауданында барлық салалармен қатар спорт саласының дамуынада ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұлай дейтініміз соңғы бір ай ішінде аудан әкімі Н.Байғұттың тікелей ықпалымен орталық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жанындағы шынығу залы аудандық бюджет есебінен толығымен ағымдағы жөндеуден өтіп, іші соңғы үлгідегі шынығу құрылғыларымен толықты. Сонымен қатар, спорт мектебінің аумағында орналасқан кіші футбол алаңшасы да күрделі жөндеуден өтіп, газонды жабдықтары мен темір торлары толығымен жаңарып отыр.Қас қарайған сәтте спортпен шұғылданушы қауымға ынғайлы болу үшін орталық алаң аумағына түнгі жарықтандыру шамдары орналастырылды. Соңғы кезде бүкіл әлемді жайлаған пандемия әр азаматтың өз денсаулығын күтіп ұстауды меңзегендей. Осы ретте ауырмаудың бірден-бір кілті спортпен шұғылдану болса, Түлкібас ауданында бұл бағытта тұрғындар үшін барлық жағдайлар қаралған.
Алдынғы жаңалық