Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт жұмыс жоспарына сәйкес Балықты ауылдық округіне арнайы барып ауылдағы тұрғындармен өзекті мәселелерді талқылап, көкейіндегі сауалдарына жауап берді.Ауыл әкімдігі ғимаратында тұрғындармен өткен кездесуге аудан әкімінен бөлек оның орынбасары, бөлім және мекеме басшылары қатысты.Округтегі өзекті мәселелер қатарында ауызсу, медицина саласына, аяқ жол салу, көшенің түнгі жарықтандыруы және мал жайылымына қатысты тақырыптарда әңгіме өрбіді. Әр қойылған сұраққа тиісті жауап беріліп, бұл мәселелердің біршамасынан хабардар екенің жеткізген Нұрлан Мархабатұлы ауыл әкіміне және өзге жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді.Жиынға келген тұрғындар аудан басшылығына осында келіп, ауыл проблемаларына құлақ түріп, көмек қолын созғаны үшін алғыстарын жеткізді.Айта кетерлік, аталмыш округке қарасты 5 елді мекеннің барлығы табиғи газ, ауыз су және электр желісімен толық қамтылған. Тек қана округ орталығындағы жаңа құрылыс көшелерінде ғана ауыз су мәселесі шешілмей отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылы республикалық бюджет есебінен іске асу жоспарланып отыр.
Келесі жаңалық