Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандық салымшылардың қанша қаражаты барын жариялады, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.
Мәлімет 2020 жылдың 01 қыркүйегіндегі деректер бойынша алынған. Ол бойынша, өз шоттарында зейнетақы жинақтары бар 10 870 610 міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының (алушыларының) 5 615 939 – ерлер болса, 5 254 671 – әйелдер.
Төменде көрсетілген сомадағы зейнетақы жинақтарына:
500 мың теңгеге дейін – 5 906 632 адам;
501 мың теңгеден 1 млн теңгеге дейін – 1 590 837 адам;
1 млн теңгеден 3 млн теңгеге дейін – 2 348 114 адам;
3 млн – 5 млн. теңгеге дейін – 634 188 адам;
5 млн – 8 млн теңгеге дейін – 238 931 адам;
8 млн теңгеден асатын сомаға – 151 908 адам ие.
Бұл ретте ерлердің зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1 миллион 254 мың теңге болса, ал әйелдерде – 933 мың теңге.