Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше құрметке лайық. Бүгін осы ретте аудан әкімі Нұрлан Байғұт және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қасымбек Сәтбай 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай небір сын сағатта халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыздың үйлерін арнайы аралап, ерекше сый-құрмет көрсетті. Қазіргі кезде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан -жақты қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп -өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Аралау барысында аудан басшысы қазыналы қартарымызды төл мерекелерімен құттықтай отырып, құттықтау хатымен бірге гүл шоғын табыстап иықтарына ұлттық нақыштағы шапан мен камзол жапты. Осындай игі іс-шараға мәз-мейрам болған қарияларымыз шынайы ризашылықтарын білдіріп, еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың аман болуын тілеп баталарын берді. Осы бағыттағы игі шаралар ауданымыздың барлық бөлігінде өз жалғасын табуда.
Алдынғы жаңалық
Келесі жаңалық