Соңғы жаңалықтар

Әйгілі жапон иті Хатиконың хикаясы Қарағандыда қайталанды

Хатико

Қарағандылық «Хатико». Бүкіл әлем жұртының ет жүрегін елжіреткен әйгілі жапон итінің хикаясы Қарағандыда да қайталанды. Тек бұл жолғы оқиға сәл өзгерек болды. Иттің иесі істі болып, түрмеге түскен. Осыдан кейін қараусыз қалған ит тергеу изоляторы маңын торуылдаумен болған. Ақыры түрме қызметкерлері оны кинологиялық қызметке пайдалануды ұйғарған екен, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Қазір Верта қайтадан ерке қылықтарын таныта бастапты. О баста жүні жығылып, жанарына мұң орнаған ит өзінің досы әрі қожайынын іздеп, түрме маңын тіміскілеумен болған. Тіпті жүдеп, күйі күн санап нашарлапты. Осындағы кинологтар сан мәрте қуса да, қайта келіп алған иттің адалдығына сүйсініп, олар оны өз қамқорлығына алады.

«Ең бастысы, күзетке, сосын ізге саламыз. Есірткі іздеуге үйретеміз. Өзі өте иісшіл ит. Жас шамасы 1,5 жылдық, әлі жас. Ең бастысы, шыдамдылық керек. Бұл итте шыдамдылық бар», – дейді кинолог Жәнібек Кәртай.

Тергеу изоляторында 4 кинолог бар. Олар иттің мінезін бақылап, қандай қызметке бейім екенін анықтайды. Мысалы, бұл жерде күзет қызметі, қашқан адамды иісі арқылы іздеу, есірткі заттарын табу сынды бағыттар бар. Вертаны да іске жұмылдырмас бұрын, алдымен төрт аяқтыны ресми балансқа алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қатысты жаңалықтар

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

azatmedia

БАЛУАННЫҢ ОТБАСЫ

azatmedia

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЛЕРЕІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру