Соңғы жаңалықтар

Тұрғындар Парижден жаппай кетіп жатыр

Парижде жаңа локдаун күшіне енуіне бірнеше сағат қалғанда тұрғындар Парижден кете бастаған. Жолдарда жүздеген шақырымға созылған кептелістер пайда болған, дүкендер мен шаштараздар да ұзын-сонар кезек, – деп хабарлайды tengrinews.kz ИноТВ сілтеме жасап. 

Мұның алдында Франция президенті Эммануэль Макрон коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты елде жалпыұлттық карантин енгізген болатын. Шектеулер 30 қазаннан 1 желтоқсанға дейін созылады.

Енді француздарға үйден тек медициналық көмек алу үшін, қажетті тауарларды сатып алу үшін немесе үйден бір шақырым радиуста бір сағаттан аспайтын серуенге шығуға рұқсат етіледі.

Шектеу шараларын алғаш рет бұзғандарға 135 еуро айыппұл салынады.

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министр өзекті мәселелер туралы баяндады

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ҒИМАРАТТАР ҰЛЫ КҮЙШІЛЕРДІҢ ПОРТРЕТТЕРІМЕН БЕЗЕНДІРІЛДІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «ТҰРАН ДАЛАСЫНЫҢ КҮЙЛЕРІ» АТТЫ КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

azatmedia

Пікір қалдыру