Соңғы жаңалықтар

Kaspi техникалық ақауға байланысты әрбір тұтынушыға айрықша сый жасайды

Azatmedia.kz. Банк өкілдері техникалық ақаулық үшін кешірім сұрады. Қазір тұтынушылар әдеттегідей Kaspi.kz-тің барлық қызметін қолдана алады, – деп жазады Sputnik Қазақстан.

Kaspi.kz қосымшасының істен шығуына байланысты ел арасында жалған ақпараттар желдей есті.

Алайда банк өкілдері тек қана техникалық жүйенің сыр бергенін мәлімдеді. Қазір тұтынушылар әдеттегідей Kaspi.kz-тің барлық қызметін қолдана алады.
Бұған қоса, кеткен қателік үшін банктегілер көпшіліктен кешірім сұрап, 29 қазан мен 4 қараша аралығында Kaspi Gold және Kaspi Red-пен Kaspi QR арқылы төлем жасаған әр сатып алушыға 5 проценттік бонус бермек, деп хабарлады КТК.

Ал ІТ жетекші мамандар ресми ақпаратқа ғана сүйену керектігін ескертеді.

«Еш қорқудың қажеті жоқ. Өйткені барлығы қалпына келтірілді. Бұндай жағдайда дүрлікпеуге шақырамын. Осындай сәтте нағыз алаяқтарға алданып қалуларыңыз әбден мүмкін. Сол себепті тек ресми ақпаратқа сүйену керек. Қазір әр банктің арнайы сайты бар. Барлық сұрақтың жауабы сонда», – дейді Орталық Азиядағы, ТМД және Балтық елдеріндегі Kaspersky басқарушы директоры Евгений Питолин.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ШИЕЛЕНІСКЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ

azatmedia

Басшысы мен хатшысы тікелей эфир кезінде жыныстық қатынасқа түсті (видео)

azatmedia

Банкке маскасыз кірген адамға оқ атқан күзетшінің әрекеті жұртты шошытты

azatmedia

Пікір қалдыру