Санатталмаған

Сарыағаштың еріктілері ел еңсесін көтермекші

Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжінде еріктілерге арналған «ЕРІКТІЛЕР ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕДІ» тақырыбында семинар – тренинг өтті.
Іс шара «Еріктілер жылы» аясында ұйымдастырылып, «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі», «Арыстанбаб» жоғары колледжі, «Абу Али Ибн Сина» жоғары колледжі, №12 колледжі және «Медресе» колледждерінің студент жастары ат салысты.

Семинар – тренингтің мақсаты жас еріктілердің талпынысын арттырып, көшбасшылық, еріктілік, қайырымдылық сынды тақырыптарда білімін шыңдап, өзге еріктілермен тәжірбие алмасуына жағдай жасау, ауданның еріктілер қозғалысын дамытып, санын арттыру.

Тренинг 4 кезең бойынша өтті. Бірінші «Қайық үстінде» деп аталатын кезеңде командалық жұмыс барысын қадағалау болса, екінші «Соқыр студент» кезеңінде еріктілердің алға қойған мақсаттарына түрлі кедергіге қарамай жетуді үйрету болды. Ал, қалған екі кезең бойынша да еріктілер өздерінің командалық жұмыстарын жоғары деңгейде көрсетті.

Іс-шара барысында еріктілердің ұсыныстары тыңдалып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды, мақсат-міндеттерді және жылдық жоспарды айқындап алды.

«Аталған еріктілер тобы ешқандай қаржысыз аудан көлемінде жыл бойы 7 бағыт бойынша яғни: 1. Сабақтастық; 2. Саулық ; 3. Таза әлем; 4. Асыл Мұра; 5. Қамқор; 6. Білім; 7. Үміт бағыттары бойынша еріктілік қызметтерін атқарады. Еріктілер қатарына тіркеу «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жүргізілетін болады. Барша қоғамды қатарға қосылуға шақырамыз», – дейді ұйымдастырушылар.

Тренингке 40-тан астам ерікті студент жастар қатысты. Шара соңында аудандағы ерікті студент жастар жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруға ықпал ету, мұқтаж адамдарға риясыз ерікті түрде көмек көрсету және адам қызметінің ерекше үлгісін қалыптастыру үшін ұйымшылдыққа, көшбасшылыққа және топпен бірлесіп жұмыс жасауға келісіп тарқасты.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

azatmedia

КЕНТАУЛЫҚ ТҰРҒЫН «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ КӘСІБІН ӨРКЕНДЕТІП ОТЫР

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ЖЕТІСАЙДАҒЫ «ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ» КАНАЛЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

azatmedia

ТҮРКІСТАНДА «БАЛА ҚҰҚЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШАРДАРА ҚАЛАСЫ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛДЫ

azatmedia

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ: «АЗАМАТТАРДЫҢ СЕНІМІ – БІЗ ҮШІН ЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК»

azatmedia

ТҮРКІСТАН: «АРЫС-2» ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢҒЫРТУДАН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

azatmedia

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА 52 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру