Соңғы жаңалықтар

«Боратты» алып тастайды

Әлеуметтік желілерде «Борат 2» фильмінің көрсетіліміне қатысты туындаған шу әлі де басылар емес. 22 қазанда Сиднейде орнатылған 6 метрлік фильм кейіпкерінің ескерткіші бұл шуды әрі қарай үдете түсті. Дегенмен бұл ескерткіш ұзақ тұрмайды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

22 қазанда әлеуметтік желілерде кеңінен тараған «Борат» ескерткіші Австралияның танымал жағалауларының біріне орнатылған. Сиднейліктер назарына ұсынылған ескерткіш жұма күнгі таңғы сағат 11:00-ге дейін Маркс паркінде тұрады. Яғни 24 сағатқа уақытша орнатылды. Жауапты мамандар аталған жайтты фильмнің пиар-кампаниясының бірі екенін алға тартып отыр.

Бұған дейін аталған фильмге қатысты әлеуметтік желілерде түрлі челлендждер ұйымдастырылған болатын. Ал Нью-Йорк қаласында қазақтар митинг ұйымдастырып, аталған фильмге қарсы екендерін көрсеткен.

Қатысты жаңалықтар

Туристер санын 10 есеге ұлғайтпақ

azatmedia

ШЫМКЕНТТЕ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРҚАТАР НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

azatmedia

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА 8 ЖЫЛ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 2,2 ЕСЕГЕ АРТҚАН

azatmedia

Пікір қалдыру