Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ 17 ТАМЫЗДАН БАСТАП БІРҚАТАР НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ә.Төлебаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қалада 17 тамыздан бастап сауда үйлері (бутиктер), сауда желілері, жабық базарлар (толымдылығы 30%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м), сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтары, косметологиялық қызмет көрсететін нысандар (алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш.м.), бассейні жоқ фитнес орталықтары (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 5 ш.м.), бассейні жоқ моншалар мен сауналар (толымдылығы 50%-дан аспауы тиіс, 1 келушіге 4 ш.м.) жұмысын қайта бастайды. Сондай-ақ, балаларға арналған түзету кабинеттері, балалар және ересектерге білім беру орталықтары (жазылу бойынша, топтарда 5 адамнан аспауы тиіс), мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтары (15 адамнан артық емес) және ашық ауадағы аттракциондар (қашықтықты сақтау, бетперде тағу, адамдар ағынын реттеу) жұмыстарына кіріседі.

Айта кетейік, Шымкент қаласының Бас санитариялық дәрігерінің №32 Қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумағында осы жылдың 17 тамызы сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылды.

– Бұл шешім бәріміз үшін маңызды. Мемлекеттік комиссия шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдетуге шешім шығарды. Яғни, карантиндік режим өз жемісін берді деген сөз. Дегенмен әлі де босаңсуға болмайды. Сол себепті кейбір шектеу шаралары жалғасады. Ал коронавирус індеті жайлы айтсам, Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызы мен 14 тамызы аралығында COVID-19 инфекциясымен 5143 жағдай тіркелген. Өткен тәулікте бұл індетке 9 адам шалдыққаны белгілі болды, – деді Әбдіманап Қошқарұлы.

Қатысты жаңалықтар

Зайнутдинов ЦСКА сапына ауысты

azatmedia

ШЫМКЕНТ: 2000-ҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗДАРЫ ТӨЛЕНДІ

azatmedia

Кеудесін үлкейткен сылқым бірден байып кетті

azatmedia

Пікір қалдыру