Соңғы жаңалықтар

Айнұр Тұрсынбаева өз қателігін мойындады

Белгілі ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қателігін мойындап, халықтан кешірім сұрады, – деп жазады Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Ақын әлеуметтік желіде кеңінен тарап кеткен «стақандағы су» техникасына қатысты пікір білдірген. «Мен алғаш мотивациялық кітаптарды ақтарып бастағанда ең бірінші оқығаным Зеландтың «ТРАНСЕРФИНГ» кітабы болды. Қатты ұнаған соң қазақшалай бастадым… Келіспейтін жерлерім де бар әрине. Ішінде атақты «стақандағы су» техникасы туралы жазылған.. Кейіннен ютубта батыстың эзотериктерінің басым бөлігі соны қолданатынын білдім. Діннен хабары бар бір ағадан сұрағанымда «суға дем салып ішу исламда да бар» дегесін сабақтарымда өзім де қолдандым. Мен біраз болды араб тілін үйреніп бастап жатырмын… Арасында аят, сүре, хадистерді оқимын. Ең қызығы Зеландтың да, Кехоның да, Диспензоның да, басқаларының да айтып жүргендері құранда бар болып шықты.. Және жасап жүрген техникаларыма күдік пайда болды… Жолдасым құранды емін-еркін болмаса да бір кісідей оқи алады , осыны нақтылап берші деп едім, «сен дем салып үйретіп жатқан жоқсың, судан сұратып үйретіп кетіпсің, бұл күнәнің үлкені» деп кесіп айтты… Сонымен 2 рәкағат тауба намазын оқып, ол техниканы тоқтатып тастағаныма 1 айдан асқан», – деп жазды ол.

Тұрсынбаеваның жазуынша, міне осы сәттен кейін аталған жайт ақынның алдынан айналып шыға берген. Ойламаған жерден ушығып, желіде кеңінен тараған. Бұл жайтқа таңданған ақын діни сауаты бар адамға хабарласқан.

«Құранды еркін оқитын бір мұсылманға хабарласып «неге бұлай болып жатыр» деп кеңес сұрасам «жұрт сенің тоқтатқаныңды білмейді ғой, жұрттың алдындағы абыройды емес Аллланың алдындағы абыройды ойлап бұл техниканы мүлде қолданбайтыныңызды айтып, қателескеніңізді мойындап пост жазсаңызшы» деді… Алланың мейірімі анамыздан 99 есе көп екен ғой, әлбетте қателескеннің дұғасын қабыл етеді…Басым жерге жеткенше иіліп сіздерден де кешірім сұраймын» деп түйіндеді ол.

Қатысты жаңалықтар

Қанға ұласқан қызғаныш – күдікті іздестірілуде

azatmedia

ЗА 5 МЕСЯЦЕВ ЖИТЕЛЯМ ГОРОДА ОКАЗАНО ОКОЛО 500 ТЫСЯЧ ГОСУДАРСТВЕННЫХ УСЛУГ

azatmedia

«Тағы да септі!». Желіні дүрліктірген видеоға қатысты тың дерек шықты

azatmedia

Пікір қалдыру