Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

«Жедел жәрдемнен ұрлап әкетіп зорлаған»: Павлодарда сұмдық жағдай орын алды

износиловал в скорый

11 қазан күні дүкенге шыққан Павлодар тұрғынын бұған дейін оны қорқытып жүрген ер адам ұрлап кетіп, ұрып-соққан және зорлаған. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі мәлімдеді, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, тәртіп сақшылары бұған дейін ер адамның әрекетін отбасылық-тұрмыстық кикілжің деп санап, босатқан.

Дина Таңсәрі 12 қазан күні полиция әйелдің анасына хабарласып, қызын жедел жәрдемнен ұрлап кеткенін хабарлағанын атап өтті. Ал ер адам әйелді жалдамалы пәтерге апарып, түні бойы ұрып-соққан және зорлаған. Пәтер қожайыны олардың іздестіріліп жатқанын айтып, шығарып жібергенімен, ол тағы бір пәтер жалдаған. Сол жерде әйелдің айғайын естіген көршілері тәртіп сақшыларына қоңырау шалған. Әйелді жедел жәрдем, ал ер адамды полиция алып кеткен. Дегенмен, ол үш сағаттан соң босап шыққан екен.

Осы орайда Дина Таңсәрі Ішкі істер министрін аталған жағдайға назар аударуға шақырды. Еске сала кетсек, Қызылорда облысында оқушы қызын ауылдастары зорлағанын айтқан ана жанайқайын жеткізген еді. Сондай-ақ, бұған дейін біз 19 жастағы мұғалімді зорлаған павлодарлыққа сот үкімі шыққанын жазған едік.

Қатысты жаңалықтар

СОСТОЯЛОСЬ ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ИНВЕСТИЦИОННОГО ШТАБА

azatmedia

Ең бай 50 адамның дәулеті ел халқының жартысы жиған байлыққа тең

azatmedia

ШЫМКЕНТ: «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру