Azatmedia.kz. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында мамандандырылған сотта пара алған сот 3 жылға сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, – деп хабарлайды zakon.kz.
«2020 жылы 14 қазанда Сарыағаш аудандық соты Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәрсембаевқа 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Ол Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің инспекторынан әкімшілік хаттама толтыру кезінде анықталған заңбұзушылық бойынша жекелей қаулы шығармас үшін 9 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінген» – деді Биғайдаров.