Соңғы жаңалықтар

«Тағы да септі!». Желіні дүрліктірген видеоға қатысты тың дерек шықты

Azatmedia.kz. Әлеуметтік желілерде аспанда ұшақтан артынан қалған ерекше іздің видеосы жарияланды. Жұрт оны улы зат деп ойлап, шатасты, – деп хабарлайды zakon.kz.

Ақтаулықтар ұшақтың артына қалдырылған ізді видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желіде таратқан. Бұл видеоны көрген желідегілер, ұшақ ізін тағы да улы зат шашу деп топшылаған.

Аталған жайтқа байланысты Ақтау халықаралық әуежайының атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов түсініктеме берді, деп хабарлады Маңғыстау облысының Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы.

– Видеода авиациялық қозғалтқыштан бөлінген конденсация ізі көрсетілген. Ұшақ орналасқан биіктікте ауа температурасы – 60 градус. Ондайда ыстық ауа салқын ауамен араласып, ұшақ ізі қатып қалады. Ал 4-5 минуттан кейін бәрі еріп, ауаға тарайды. Таңның атысы немесе күннің батуы ұшақ ізіне қызыл түс береді. Күндіз бәрі оны ақ, қараңғыда – көгілдір түсте көреді. Барлығы күннің қалай жарқырауына байланысты. Айта кету керек, күн сайын бұл аймақ үстінен әртүрлі бағытта оншақты ұшақ ұшады. Бұл құбылысты қазақтар «Құс жолы» деп атайды, – деді Ерғазы Жолдасов.

Қатысты жаңалықтар

Шымкент: Қаратау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының семинары өтті

azatmedia

ТҮЛКІБАС: ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ОНЛАЙН КОНЦЕРТ ӨТТІ

azatmedia

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

azatmedia

Пікір қалдыру