Соңғы жаңалықтар

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды

Си Цзиньпин Қытай әскерін соғысқа дайын болуға шақырды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

13 қазанда Гуандун провинциясындағы әскери базаға барған кезде ҚХР Төрағасы «Қытай сарбаздары барлық ерік-жігері мен күш-жігерін соғысқа дайындалуға бағыттауы керек», – деді. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлады.

Си Цзиньпин Чаочжоу қаласындағы теңіз жаяу әскерлерін тексеріп, әскерді «жоғары дайындық жағдайын сақтауға» және «толығымен адал, таза және өте сенімді» болуға шақырды. Сонымен бірге, Қытай басшысы теңіз жаяу әскері Қытайдың ұлттық егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығы мен мүдделерін қорғайтын элиталық бөлім екенін еске салды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Пекин мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас коронавирустық пандемия мен Тайваньға қатысты дау-дамайға байланысты шиеленісе түсті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: БАС МҮФТИ 4 ДІН ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ПӘТЕР КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

azatmedia

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЛДАҒЫ ЖАРЫСТАРҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА

azatmedia

ТҮЛКІБАСТЫҚ 2042 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру