Басты жаңалықтар

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды

ТАлдыкорган

Талдықорғанда тәнін саудалаған ер адамдар ұсталды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Алматы қаласы полиция департаменті криминалды полиция басқармасына қаладағы монша кешендендерінің бірінде әкімші жеңгетайлықпен айналысатыны туралы ақпарат түскен. Ол бұл қызметі үшін ақша алған. Ал интим қызметті жігіттер көрсеткен.

«Жедел-іздестіру шарасы барысында ақпарат расталып, криминалды полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін 33 жастағы әйелді ұсталған. Ол Талдықорған қаласында тұрған», – делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс барысында әкімші өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірін тікелей бергені анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Қатысты жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне енді өтемақы берілмейді

azatmedia

Бейрутта тағы бір жойқын жарылыс болды: қаза тапқандар бар (Видео)

azatmedia

Қырғызстандағы митинг: Орта Азия елдерінің президенттері ортақ мәлімдеме жасады

azatmedia

Пікір қалдыру