Басты жаңалықтар

Назарбаев Тоқаев неге президент болғанын айтып берді

Нұр сұлтан Қасым

Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекет басшысы лауазымына не себепті ұсынғанын айтты. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев «Абай аманаты» мақаласында жазды, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы KTK сайтына сілтеме жасап.

Назарбаев президент ретіндегі өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдамас бұрын болашақ ел басқарар азаматқа қажет қайраткерлік тәжірибе мен тағылым жайын асықпай, зер сала қараған.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап бірге жұмыс істегенін, оның адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін, әлемдік саясаттағы дипломатиялық қырын ескергенін айтты.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың адал әрі жауапкершілігі жоғары азамат екенін есепке алмағанда, оның елдегі ішкі жағдайды саралап қана қоймай, шығыстың да, батыстың да тілдерін меңгергенін, Біріккен ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметін атқарғанын, әлемдік саясаттағы Қазақстанның орнын байыптай алатын дипломаттық қырын да ескердім. Сондай-ақ, өзім айрықша мән беріп келе жатқан ел бірлігі мәселесі мен адамзаттық құндылықтарды үйлестіру қабілетіне сенім арттым», – деді Назарбаев.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын Қазақстанның бүгінгі саяси, экономикалық және мәдени жетістіктері аясында атап өту туралы шешім қабылдағанын Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бастамасының заңды жалғасын екенін айтып өтті.

Қатысты жаңалықтар

100 мың отбасыға 50 мың теңгеден беріледі – Назарбаев тапсырма берді

azatmedia

Таразда қалалық сот ғимаратын жармақшы болғандар ұсталды

azatmedia

ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ МӘДЕНИ КҮНДЕРІ БАСТАЛДЫ

azatmedia

Пікір қалдыру